Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 27

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова

Скачать книгу

өте сирек хлоридты (мысалы, Торғай өзені) класқа жатады. Мұз баспаған өзендердің газ режимі тіршілік үшін қолайлы. Судың бетін мұз басқаннан кейін судағы оттек концентрациясы біртіндеп азаяды және ең төмен көрсеткіш мұз түсер алдында байқалады. Қыста өзендерде газ режимі нашарлайды және жиі тұншығу процесі жүреді. Өзен суында көмірқышқыл газының мөлшері жазда аз, қыста оның концентрациясы біршама көтеріледі. Кү-кіртті сутек мөлшері өзен суында жоқтың қасы. Гидрокарбонантты өзендер суының тұздылығы төмен (0,2‰), хлоридті өзендерде тұздылығы 19‰-ға жетеді. Судың минерализациясы жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады, су тасқыны кезінде ол төмендейді.

      Өзен суында жарық өте тез сіңіріледі және түбіне дейін жетеді, тау өзендерінде судың мөлдірлігі түбіне дейін байқалады. Жазықтық өзендерде мөлдірлік тасу кезеңі мен қалыпты кезеңінің аралығында өте күшті өзгеріп тұрады.

      Өзендерді мекендеушілер. Өзенді мекендеушілер алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Олардың құрамында планктон, бентос, нектон жақсы дамыған, перифитон шамалы, ал судың ағысы қатты болғандықтан нейстон мен плейстон мүлдем кездеспейді деуге де болады. Әдетте өзенді мекендеушілерді реобионттар (rheos – ағыс, бионт – мекендеуші) деп атайды.

      Планктон. Жазықтық өзендердің планктоны немесе реопланктоны шығу тегі жағынан гетерогенді, өйткені ол автохтонды және аллохтонды элементтерден тұрады. Аллохтонды планктон ағынсыз сулардан өзендерге шыққанда, жаңа ортаға түсіп өзінің бейнесін өзгертеді. Кейбір өкілдері өзенге түскеннен кейін тез жойылып кетеді, екіншілерінде көптеген бейімделушіліктер пайда болады. Реопланктонда бактерия-лардың маңызы өте үлкен, өйткені олардың саны судың мөлшеріне байланысты. Өзендердің жазықты учаскілерінде олардың саны бірнеше жүзден, мыңнан бірнеше миллионға дейін жетеді.

      Жазықтық өзендерде балдырлардың арасындағы диатомды және жасыл балдырлар басым болады. Зоопланктон арасында инфузориялардың алуантүрлігі басым және сандық көрсеткіші мол түссіз талшықтылар кең тараған. Су қабатында коловраткалардың арасында басым болатын Keratella, Asplancha, шаянтәрізділердің арасында Daphnia, Bosmina, Ceriodaphnia және ескекаяқтылардан жиі кездесетін Ciclops, Daptomus, Mesocyclops.

      Өзеннің бастауынан ағыс бойымен жылжығанда жануарлардың да алуантүрлігі өзгеріп отырады. Су ағысының жылдамдығының төмендеуі және көтерілуімен байланысты жазықтық өзендерде фитопланктонның саны да көбейе бастайды. Жануарлардың арасында коловраткаларға қарағанда шаянтәрізділер басым болады. Грунттың органикалық заттары детритофагтарға қолайлы қорек жағдайын жасайды.

      Бентос. Өзендер бентосы көпшілік жағдайда омыртқасыздардан тұрады. Олар тасты (литореофилді), құмды (псаммореофилді) және лайлы (пелореофилді) грунттарда мекендейтіндер деп бөлінеді.

      Литореофилдерге, негізінен, кірпікшелі құрттар, олигохеттер, сүліктер және насекомдардың дернәсілдері жатады. Псаммореофилдер, әдетте, қарапайымдылардың,

Скачать книгу