Білім беру аймағындағы конфликтология. Әлия Құдайбергенова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Білім беру аймағындағы конфликтология - Әлия Құдайбергенова страница 12
1. Тараптар туындаған қарама-қайшылықты реттеуге және ымыраға келуге тырысады.
2. Тараптардың бірі «маңызды ештеңе болмағандай» түр танытады.
3. Инцидент ашық қарама-қайшылықтың басталуына түрткі болады. Қандай да бір нұсқаны таңдау көбінде тараптардың жағдаяттық нұсқауларына (мақсат, эмоционалды бағдарға) байланысты болып келеді.
Конфликтің даму сатылары. Тараптардың ашық қарсыласуының басталуы конфликт тәртібінің нәтижесі болып табылады, мұндағы әрекет қарсы тарапқа даулы объектіні ұстау мақсатына бағытталған немесе оппонентті өз мақсаттарынан бас тартуына және оларды өзгертуіне мәжбүрлеуге бағытталған. Конфликтологтар конфликт тәртібінің бірнеше формасын атап көрсетеді:
– белсенді-конфликт тәртібі;
– селқос-конфликт тәртібі;
– конфликтік-ымыраға келу тәртібі;
– ымыраға келу тәртібі.
Конфликтік нұсқамаға және тараптардың тәртібіне байланысты конфликт даму логикасына ие болады. Дамып жатқан конфликт тереңдеудің және ұлғаюдың қосымша себептерін жасауға бағыт береді. Әрбір жаңа «құрбан» конфликтің бірте-бірте ұлғаюы үшін «дәлел» болады.
Сондықтан әрбір конфликт өз алдына ерекше болып келеді. Дамудың екінші кезеңінде конфликт дамуының үш негізгі сатысын ерекше атап көрсетуге болады:
1. Конфликтің жасырын жағдайынан тараптардың ашық қақтығысына ауысуы. Күрес шектелген ресурстармен жүргізіледі және жергілікті сипатқа ие болады. Күшке алғаш рет сынама жүргізіледі. Аталған сатыда ашық күресті тоқтату және конфликті басқа тәсілдермен шешу мүмкіндігі бар.
2. Қарсыласудың әрі қарай бірте-бірте үдеуі. Өз мақсаттарына қол жеткізу және қарсыластың әрекеттерін шектеу үшін тараптардың жаңа ресурстары енгізіледі. Ымыраға келудің барлық мүмкіндіктері дерлік аяқталды. Конфликт басқарылмайтын және болжап болмайтындай күйге енді.
3. Конфликт өзінің шарықтау шегіне жетіп, барлық мүмкін болған күштерді қолдана отырып, жаппай қырғын соғыс формасын қабылдайды. Аталған сатыда дауласқан адамдар конфликтің нақты себептері мен мақсаттарын ұмытып қояды.
Қарсыласудың негізгі мақсаты қарсыласқа барынша максималды апат келтіру болып табылады.
Конфликті шешу сатысы. Конфликтің созылмалылығы мен қарқындылығы тараптардың мақсаттары мен нұсқамасына, күрес жүргізу ресурстары, әдістері мен тәсілдеріне, қоршаған орта конфликтінің реакциясына, жеңіс пен жеңіліс таңбаларына, келісімге келудің мүмкін болған тәсілдеріне байланысты болып келеді.
Конфликт дамуының белгілі бір кезеңінде қарсыласқан тараптарда өз қарсыластарының мүмкіндіктері туралы көзқарасы маңызды түрде өзгеруі мүмкін. Жаңа өзара қарым-қатынас, күшті орналастыру, нақты жағдаятты ұғынуға негізделген құндылықтарды қайта бағалау кезі келеді. Мұның бәрі конфликт тәртібінің стратегиясы