Білім беру аймағындағы конфликтология. Әлия Құдайбергенова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Білім беру аймағындағы конфликтология - Әлия Құдайбергенова страница 10
3.1. Әлеуметтік конфликтің негізгі түрлері.
3.2. Конфликт дамуының негізгі кезеңдері.
3.3. Әлеуметтік конфликт қызметтері.
Әлеуметтік конфликті топтастыру мәселелері бойынша зерттеушілер арасында бірыңғай көзқарас жоқ. Автор конфликтің түрін оны топтастыру негізіне не жататындығына байланысты В.И. Сперанскиймен пікірлестікте анықтау керектігін ұсынады. Егер топтастыру негізіне тараптардың ерекшеліктері алынса, онда конфликтерді былайша бөле аламыз: тұлғааралық, тұлға мен топаралық, топаралық, кіші және ірі әлеуметтік қауымаралық, ұлтаралық және мемлекетаралық. Егер топтастыру негізіне қоғамдық өмірдің салалары алынса, онда саяси, экономикалық, идеологиялық, әлеуметтік, заңгерлік, отбасылық-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және т.б. конфликтер туралы айта аламыз.
Конфликт мотивациясына байланысты зерттеушілер әлеуметтік конфликтің үш блогын бөліп көрсетеді:
– билік жүргізуші өкілеттілігі мен ұстанымына байланысты туындағын конфликт;
– материалды ресурстарға байланысты;
– маңызды өмірлік ұстанымдардың құндылықтарына байланысты.
Конфликтің қозғалмалы күші мен тіршілік әрекеті саласының тоғыспалы талдауының қызықты схемасын А.Г. Здравомыслов ұсынды [4, 90-91]. Конфликтің қозғалмалы күштерді уәждемесіне байланысты ол қажеттілік, мүдделер мен құндылықтар (1-кестені қараңыз) арқылы белгіледі.
1-кесте
Конфликтің қозғаушы күштері және өмірлік іс-әрекет аясын тоғыспалы талдау
Келісілмеу типімен қатар конфликт қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынас сипатын ескеретін әлеуметтік конфликт типологиясын В.Н. Амелин (2-кестені қараңыз) ұсынады [5, 149].
2-кесте
Әлеуметтік конфликт типологиясы
Конфликтің бір түрін қарсыласуға тараптардың әртүрлі деңгейлері қамтуы мүмкін. Мысалы, билік өкілеттілігі, материалды ресурстар немесе құндылық бағдары бойынша шиеленістер адамдардың тұлғааралық, топаралық, мемлекетаралық өзара әрекеті деңгейінде туындауы мүмкін. Қалыптасу және даму үдерісінде шиеленістің бір түрі екіншісіне жүктеліп, бірнеше түрден тұратын қиын шиеленістерді құрайды.
Түрлі тараптар мен түрлі шиеленіс мүдделері бір уақытта өзара әрекет ететін (көмектеседі, қарсы тұрады) қиын шиеленістер де бар. Мұнда бір тарап ынтымақтастықта басқа тараппен, одақта үшіншісімен, қатты шиеленісте төртіншісімен, бейтараптықта бесіншісімен, қарама-қайшылықта алтыншысымен, ал алтыншысы екіншісімен қарама-қайшылықта, т. б. болуы мүмкін.
Әлеуметтік конфликтер қарсы әрекеттің формасы, тәсілі және қарқындылығына байланысты ерікті, еріксіз, барынша жоғары қарқынды және төмен қарқынды, ашық және жабық (жасырын) болып бөлінеді. Болу уақытына байланысты ұзақ мерзімді және жылдам, таралу масштабына байланысты жергілікті және кең масштабты болып бөлінеді.
Конфликт уәжділігін және жағдаятты субъективті