Білім беру аймағындағы конфликтология. Әлия Құдайбергенова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Білім беру аймағындағы конфликтология - Әлия Құдайбергенова страница 14

Білім беру аймағындағы конфликтология - Әлия Құдайбергенова

Скачать книгу

мәселені шешуге әрдайым қабілетті емес. Тараптар конфликті толығымен шешілді деп ойлап, сенім мен ынтымақтастық негізінде өз қарым-қатынасын құратын, консенсус негізінде жасалған бейбітшілік барынша мықты болып есептелінеді.

      Конфликті шешудің кез келген нұсқасында бұрынғы қарсыластар арасындағы қарым-қатынаста әлеуметтік қарбаластық белгілі бір уақытқа дейін сақталады. Кейде өзара жағымсыз әсерді жою үшін болып өткен конфликтің барлық қорқынышын сезінбеген жаңа ұрпақ дүниеге келгенше шамамен он жылдықтар қажет болады. Санадан тыс деңгейде бұрынғы қарсыластардың мұндай жағымсыз әсерлері ұрпақтан-ұрпаққа берілуі және кезекті даулы мәселелердің әрбір ушығуы кезінде «қайта көтерілуі» мүмкін.

      Конфликтен кейінгі кезең жаңа объективті шындықты көрсетеді: күшті жаңадан жұмсау, қарсыластардың бір-біріне және қоршаған әлеуметтік ортаға деген жаңаша қарым-қатынасы, бұрыннан бар мәселелерге деген жаңаша көзқарас, өз күші мен мүмкіндіктерін жаңадан бағалау.

3.3. Әлеуметтік конфликт қызметтері

      Конфликт жағымды және жағымсыз әлеуметтік қызметтерді атқарады. Конфликт салдарын бағалаудың объективті және субъективті түрлері де бар. Мысалы, өндірістік (әлеуметтік-еңбектік) конфликт нәтижесінде мүмкін болған кәсіпорынның қайта құрылуы – дәлелді түрде жағымды құбылыс, алайда кәсіпорыннан штаттың қысқаруы нәтижесінде жұмыстан шығуға мәжбүр болған жұмысшылардың белгілі бір бөлігі тарапынан аталған конфликт жаңымсыз деп бағаланады.

      Конфликтің жағымды және жағымсыз әсерлері көп жағдайда әлеуметтік жүйеден туындайды. Конфликт қалыпты жағдай болып саналатын еркін құрылымдалған топтар мен ашық қоғамдарда оны реттеудің түрлі механизмдері бар, конфликт өмірге бейімділікке, динамизмге және ілгері дамуға деген қабілеттілікке негіз болады. Тоталитарлық қоғамда әлеуметтік конфликт мойындалмайды, ал оны шешудің жалғыз механизмі күшті басу (мысалы, 1962 жылы Новочеркассктағы жұмысшылар шеруіне қару қолдану) болып табылады. Тұншыққан конфликт дисфункционалды, ескі қайшылықтарды ушықтыру мен жаңасының пайда болуына, қоғамның ыдырауына себепші болады. Шешімін таппаған қайшылықтар жинала береді, ал егер олар конфликт формасында көрініс тапса, ол маңызды әлеуметтік сілкініске алып келеді.

      Ашық әлеуметтік құрылымдарға тән конфликтің кейбір оң қызметтерін қарастырайық.

      1. Конфликт қарама-қайшылықты айқындайды және оның шешімін табады, сол арқылы қоғамдық дамуға негіз болады. Уақытылы айқындалып, шешімін тапқан конфликт ауыр салдарға жетелейтін ірі конфликтің алдын алады.

      2. Ашық қоғамда конфликтер топішілік және топаралық қарым-қатынастың ықпалдастығы мен тұрақтылығы қызметін анықтайды, әлеуметтік конфликті төмендетеді.

      3. Конфликт байланыстар мен қарым-қатынас қарқындылығын бірнеше рет арттырады, әлеуметтік үдерістерді ынталандырады, қоғамға қарқындылық береді, шығармашылық пен инновацияны ынталандырады, қоғамдық өрлеуге түрткі болады.

      4. «Конфликт жағдайында адамдар өздерінің және өздеріне қарсы

Скачать книгу