Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 24

Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов

Скачать книгу

сыртқа шығаратын қыштан жасалған құбырлар және т.б. сол сияқты заттар табылды. Ақтөбенің үстіңгі қабатында бөлмелердің алдында айван (навес) орны бар. Еденіне күйген қыш кірпіштер төсеген. Айванды көтеріп тұратын сан тіреулердің астына 55x5 см көлемдегі күйдірілген кірпіштер төселген. Цитадельге кіретін шығыстан және оңтүстіктен екі қақпа (дарбаза) бар. Осы орындарды қазғанда көптеген археологиялық заттар кездесті. Олар жоғарыда айтылған ескерткіштің жасалған дәуірін көрсетеді.

      Шахристан-1-де көптеген тұрғын үйлер үстіңгі қабатынан ашылды. Зерттеулердің барысында үй тұрмысына керекті қыш ыдыстар: құмыра, тандырлар, қола шырақтар, шойын қазандар, кетпен және басқа да бұйымдар табылды. Осы бөлмелердің біреуінен қарахан дәуірінің 5000-ға жуық қоладан соғылған ақшасы шықты. Теңгелермен бірге кішкентай таразы, мөрлер алынды. Оның үстіне теңгелер табылған жерден жартылай жасалған тиындар да шықты. Соған қарағанда, Шахристан-1 ақша соғатын сарай болса керек. Қарахан дәуірінің мұндай теңгелері бұрын Орта

      Азия және Қазақстан ортағасырлық қалаларынан да табылған еді. Бірақ, мұндай көп көлемде бірінші рет Ақтөбеден қазылып отыр. Бұдан басқа цитадель, шахристан, рабадтардың мәдени қабаттарынан қоладан, күмістен соғылған, шашылып жатқан ақшалар табылған. Солардың 35 данасын Қазақстанның белгілі археолог-нумизматист (теңгелерді) зерттеушісі Р.З. Бурнашева ғылыми тұрғыдан жазып, сипаттады [8]. Ғалымның айтуынша, зерттеліп отырған теңгелердің бірі қоладан соғылған. Олар VII- VIII ғасырлардағы 7 теңге түрік-тухус тайпаларының ақшасы болса, 3 теңге түргештердікі екені анықталды. Түргештердің теңгелері Шу, Талас алқаптарына VIII ғасырдың бас кезеңдеріне тарағаны мәлім. Қалған 25 тиын ХІ-ХІІ ғасырларға жататын қарахан дәуірінің дирхемдері. Р.З. Бурнашеваның айтуына қарағанда, Х-ХІІ ғасырларда Барсханда, Таразда ақша шығаратын орындар болған. Бұдан кейін де бес жылдың ішінде Ақтөбеден көптеген теңгелер табылды. Бірақ бұл құнды археологиялық деректер әлі толық зерттелген жоқ. Ол алдағы іс. Бұл ақшалар тазартылыл жатыр. Олардың ішінде жазулары, таңбалары бар теңгелермен бірге еш таңба түспегендері де кездеседі. Соған қарағанда, осы теңгелердің табылған жері қарахан әулетінің ақша жасайтын сарайы болуы тиіс деген пікірді айтуға болады. Барлық табылған археологиялық заттар және бұйымдар VI-XII ғасырларда жасаған түріктердің мәдениетін көрсетеді.

      Шахристан-2 Ақтөбенің оңтүстік жағына орналасқан. Бұл жерден де үлкен қоныс ашылып, 13 бөлме тазартылды, Шахристан-2 қонысы бір-біріне тіркес салынған екі бөлік қоныстан құрылған.

      Қоныс үлкен патриархалдық әулеттің қонысына ұқсайды. Қазба жұмысының барысында, Шахристан-2 үш қабатты екені анықталды. Олардың ішінен 3, 4, 5 бөлмелерді тереңдете қазып, астыңғы қабаттағы үйдің табанына жеттік. Бұл тұрғын үйлер екі дәуірді бастарынан өткерген. Үстіңгі қабаты ІХ-ХІІ ғасырлар мәдениетіне жатса, астыңғы қабаты ғасырларда өмір сүрген. Қалған 6-13 бөлмелердің үстіңгі қабаттары қазылып, ең астыңғы қабатына

Скачать книгу