Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 19

Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов

Скачать книгу

өздерінің ежелгі көршілерін арийлер деп атап, олардың басқа да қандастарын жалпылама арийлер деп атап кеткен. Кейін бүкіл Орталық Азия этностарының жалпы атамасына айналған. Авестада кездесетін географиялық атаулар Орталық Азияда жиі-жиі кездесіп отыратынына жоғарыда тоқталдық. Мұндай ұқсастықты кездейсоқ көрініс деуге болмайды. Себебі олар арийлердің ежелгі мекені Орталық Азия екенін айқындайды.

Әдебиеттер

      1. Көктәнді Хамза. Аспан мен даланың төрт ұмытылған тарихы. – Бірінші кітап. – Мәскеу: Қасиет, 2001.

      2. Оспанов С.И. Абаста (Авеста) // Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы. Ежелгі Шығыс. Т 1. – Астана, 2005. – 353 б.

      3. Таймағамбетов Ж.Қ., Байғонақов Д.С. Қазақстанның тас дәуірі. – Алматы, 2008. – 247-248 б.

      4. Мұрғабаев С.С. Үлкен Қаратау петроглифтері (кандидаттық диссертация). – Алматы, 2010. – 42-97 б.

      5. Советская историческая энциклопедия (СИЭ). Т.1. – М., 1961. – С. 886.

      6. Қашқари М. Түрік сөздігі. – Алматы, 1998. – 208-210 б.

      7. Толстов С.П. Древний Хорезм. – М., 1948. – С. 16.

      8. По древним дельтам Окса и Яксарта. – М., 1962.

      9. Марғұлан Ә.Х. Беғазы-Дәндібай мәдениеті. – Алматы.

      10. Киселев С.В. Монголия в древности // Изв. АН СССР. Серия истории и философии. – 1947. – № 4.

      11. Древние Монгольские города. – М. – Л., 1962.

      12. Андрианов Б.В. Земледелие наших предков. – М., 1978.

      13. Андрианов Б.В. Древние оростительные системы Приаралья; Из истории земель древнего орошения Хорезма // Изв. Всесоюз. географического общества. Т. 89. – М., 1957. – вып. 6.

      14. К вопросу о классификации форм орошаемого земледелия в Средней Азии // Очерки по истории хозяйства народов Средней Азии и Казахстана. – Л., 1973.

      15. Земледелие наших предков. – М., 1978.

      16. Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. – М., 1962.

      17. Советская историческая энциклопедия (СИЭ). Т.13. – М., 1971. – С. 227.

      18. Народы Передней Азии / Под общей редакцией С.П. Толстова. – М., 1957. – 176 б.

      19. Таңдамалы өлеңдер. – Алматы, 1948.

      20. Асарлар. Т. 15. – Ташкент, 1963.

      БАЛАСАҒҰҢДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

У.Х. ШӘЛЕКЕНОВ,тарих ғылымдарының докторы профессор

      Ақтөбе (Баласағұн) ертедегі ортағасырлық ескерткіш ретінде «Қазақстанның археологиялық картасына» енген. 1941 жылы археолог Г.И. Пацевич Ақтөбеге барып, онда барлау жұмысын жүргізіп, жалпы мәлімдемені төмендегіше берген: Ақтөбе биікте жатыр: солтүстік жағы – 265 м; шығысы – 250 м; оңтүстігі – 255 м және батысы – 208 м. Төңірегінің биіктігі – 1,5-2 м. Қырат жерден қазылған ормен қоршалған. Ортасында трапеция түріндегі биік цитадельдің орны бар. Оның ұзындығы: солтүстігі – 35 м; батысы – 60 м; оңтүстігі – 80 м және шығысы – 50 м. Цитадельдің төрт бұрышында биіктігі 5-9 метр шамасында мұнара болған. Шахристанның төңірегінде 2,5 шақырым көлемінде рабад орналасқан, оны ені 10-20 м, тереңдігі

Скачать книгу