Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 15

Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов

Скачать книгу

оны тілімдеп жатады. Барлық үлкенді-кішілі өзендердің атыраулары бар. Соған қарай, Орталық Азиядағы ең үлкен өзендердің бірі Әмудария болғандықтан, Авестаны тәржімалаушылар осы үлкен өзеннің атырауы болса керек деген пікір білдірген. Әмударияның Арал теңізіне құятын сағасында орналасқан Қарақалпақстанда көп жылдар жұмыс істеп, осы аймақты араладым. Өзен сағасында «Атырау» деген ономастикалық атаманы кездестірмедім. Тек кішкене аралды ғана көрдім. Біздің топшылауымыз бойынша, Авестада айтылған Атырау Жайық (Орал) өзенінің Каспий теңізіне құятын жеріндегі Атырау деп аталатын жер атамасы демекшіміз. Тарихи деректерде, халық аузында ежелден осы аймаққа «Атырау» деген атама берілген. Бұған қосымша Атыраудың алып жатқан аймағы Әмударияның атырауынан анағұрлым үлкен. Жайық (Орал) өзені Каспий сияқты үлкен теңізге құятын болса, Әмудария Арал теңізіне құлайды. Каспий теңізінің шығысын мекендеген арийлердің дақтар, тұрандар, набиандар, панксандар, сирақтар, аорстар жайлап, оны скифтер мен сарматтарға мұра етіп қалдырған.

      Башқұртстан, Челябинск, Орынбор және Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының үстімен Каспий теңізіне құятын үлкен өзен Жайық. Оның жалпы ұзындығы – 1084 шақырым, су жиналатын алқабы – 220 мың шаршы шақырым. Жайық өзені жазық даламен ағатын тұсында оған сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сякмяра, Таналық, Шаған; сол жағынан Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Міне, осындай көп салалы көлді мекен болған соң, ежелден бұл аймаққа «Атырау» деген атты арийлер дәуірінде бергендіктен, Авестада бұл атама орын алған. Атырау өңірі ертедегі түрік бабаларының ірі мекендері болған тарихи атама.

      Келтірілген сілтемеде арийлер өміріне қатысты көптеген мағлұматтар берілген. Олардың көпшілігі географиялық жағынан Орталық Азияда орналасқан. Парфияның астанасы болған Ниса қаласы Түрікменстанның астанасы Ашхабадтың солтүстік-шығысынан 18 шақырым жерде орналасқан. Б.з.б. 5 мыңыншы жылдарда тарихи сахнаға шыққан шаһар. 1946 жылдан бастап М.Е. Массон ұзақ жылдар бойына зерттеген. Осы қаланың төңірегінде және басқа да ірі мекендердің болғаны, Ниса шаһарының орналасқан аймағында аршасидтердің қабірлері орналасқаны турасында Авестада жазылған. Бұлардың қандай этностар екенін әл-Бируни былайша жазған: «Народная традиция (записанная аль-Бируни) связывает аршакиды с мифическим хорезмским героем Сиявушем. Родоначальником аршакидской традиции считает Аршака, вождя племени парнов (один из ветвей дахов), обитавших на юго востоке Каспийского моря (на территории современной Туркменской ССР» [10].

      Әл-Бирунидің жазғанына қарағанда, дахтар атты этностың бір тармағы аршакидтер Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс бөлігін, анығырақ айтсақ, осы күнгі Түрікменстан және Өзбекстанның оңтүстігін мекендеген этностар екені айтылған. Бұл жер Әмудария мен Сырдарияның жоғарғы ағысын қамтиды. Олай болса, дахтар ертедегі автохтондық сақтардың, скифтердің бабасы. Олар аталған аймақтарда мекендегендіктен, қабірінің де болуы заңды. Ғұлама бұл жазбасында аршакидтерді

Скачать книгу