пікірі, ол Эранвез бен Тұран – Түркістанда жайласқан бір мемлекет, бұл жерде Иранға көшіп кетерден бұрын мидиялықтар мен парсылар өмір сүрген. Бұл ежелгі замандарда жер жаннаты болып, кейіннен ауа райы өзгерген және табиғаттың осы құбылысы елдердің ұлы қоныс аударуына, көшіп кетуіне себеп болған. Эранвез осылайша арийлер мемлекеті Тұран мемлекетіне айналған деген дәйектеме ұсынады. Шындығында, Авестада Тұран атауы кездеседі. Сонымен бірге, арийліктер осы өңірден өздерімен төтем-тәңірлерді Еуропаға алып келіп, кейіннен грек мифологиясының тұтас дастандарын тудырады… Біздің ұйғарымымызда Ахура-Мазда иеленген бірінші мемлекет – Түркістан өлкесі. Сондай-ақ, бұл бірінші мемлекет осынау елдердің ең шеткі солтүстік нүктесіне орналасқанын байқаймыз. Қаратау, Тарса – тәңірліктер жайлаған Тараз, Түркістан – бұл күні де аталып отырған елдердің солтүстік шекарасы. Осы күнде де Түркістан өлкесінің Орта Азия халықтарында қасиетті мекен саналуы өте көне дәуірлерден тамыр тартады» [1, 60-61-6.]. Келтірілген автордың пікірін сол күйінде қабылдаймыз. Оны ой елегінен өткеріп, шындыққа сай демекшіміз. Окс (Әмудария) пен Яксарт (Сырдария) өзендерінің алқаптарына кіретін Тұран ойпаты бірінші елге жатады деуіне қосыламыз. Тұран ойпатының солтүстігі Еділмен жалғасып жатыр. Оның үстіне, бұл өлкенің табиғаты да Еділ өзенінің өңіріне біршама сәйкес. Сондықтан Әмудария мен Сырдарияның алқаптары болған Тұран ойпаты арийлердің ежелгі Отаны екенін мойындау керек. Қосөзен аймағында орналасқан Тұран ойпаты ежелден жер жаннаты болып, онда түркі тілдес этностар пайда болып, алғашқы өркениеттің негізін салған. Ежелден парсылар тұрандықтармен көрші жатып, талай рет Әмудария мен Сырдария өңірлерін отарлау үшін жойқын соғыстар ашқанына тарих куәгер. Мысалы, Кир мен Дарий жорықтары. Сөйтіп, Ахура-Мазда жаратқан бірінші мемлекет Еділ өзенінің алқаптарынан Әмудария мен Сырдария алқаптарындағы Тұран ойпатын түгелімен қамтыған. Кейін бұл аймақ қасиетті Түркістан жері болып тарихқа кірген. Сондықтан да, Авестада Тұран елін бірінші орынға қоюын кездейсоқ деп атауға болмайды. Бұл тұста Әмудария мен Сырдария жер жаннаты аталып, алғашқы адамдардың өрбіген аймақтарының бірі болған. Міне, осындай шындық негізінде, Түркістан бірінші сатыға көтерілген. Арийлер байырғы Алтайдан тараған сақ, иран, тұран, үнді, үнді-еуропа халықтарының аталық тегі болған, ең ескі этностық атау деген тұжырымды қазіргі кездегі тарихшылардың көпшілігі қолдайды [9, 342-б.]. Бұл тұжырымға біз де қосыламыз. Бірақ арийлердің арасына индоеуропалық этностарды араластыруды орынсыз деп қараймыз. Олардың ежелгі мекендері – Алдыңғы Азия мен Еуропа құрлығы. Сондықтан, Тұран өлкесін ежелден мекендеген түркі тілдес этностар: арийлер, оның құрамында – дақтар, тұрандар, набиандар, панксандар, сирақтар, аорстар, скифтер, сақтар, хорезмдіктер, массагеттер және бізге әлі белгісіз тайпалар болған. Автохтонды этностардың жалпы атаулары Ария өзенінің атымен аталған [Страбонды қараңыз. 17, 241-242 б.].