Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 13
Жоғарыда келтірілген зерттеушінің жазбасында Ахура-Мазда иеленген бірінші мемлекет Түркістан өлкесі» делінген. Бұл өлке ежелден түркі тілдес тайпалар мен халықтардың мекені екені та- рихтан белгілі. Сондықтан да, Түркістан – тарихи-географиялық атама. Түркістанға кіретін жердің көлемі – 3 млн. км2. Оған Оралдан Алтайға, Каспийден Қытайға дейін, Оңтүстік Иран мен Ауғанстаннан Томск пен Тобылға дейінгі аралықты алып жатқан өлке кіреді. Осынша ұлан-ғайыр жерде арийлер өрбіп, оны өзінің Отанына айналдырған.
Авестадағы мемлекеттердің орналасуы солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай жайласқаны байқалады. Екінші – Соғдар мемлекеті Гава деп аталады, оның орналасқан жері Алдыңғы Азия. Үшінші мемлекет Марытын делінген.
Орталық Азия арийлері туралы бізге көбірек мәлімет беретін төртінші мемлекет – сұлу Бакуди (Бактрия, Балқ), Балх (Бактрия). Бұл аймақ Авестада бір ғана жерде кездеседі. Тарихқа үңілсек, Бактрия Орталық Азияның оңтүстігіндегі ежелгі аймақ. Оған төмендегі жерлер кірген: Әмударияның жоғарғы және орта ағысы бойындағы, қазіргі Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасының оңтүстігі мен Ауғанстанның солтүстігіндегі облыстар. Б.з.б. І мыңыншы жылдардың алғашқы жартысында құлиеленуші мемлекет болып, оның орталығы Үнді өзенінің жағалауындағы Балх қаласы еді. Балх – Солтүстік Ауғанстандағы қазіргі Вазирабад (Балх) қаласының жанындағы көне қаланың орны. Бактрияның астанасы болған ежелгі Бактра қаласының және орта ғасырлардағы Балх қаласының қираған қалдығы. Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырларда Грек-Бактрия патшалығының, одан кейін Кушан патшалығының астанасы. Балх – Үнді өзенінің жағасына салынған түріктердің көне қаласы. Ертеде түріктер қаланы «Балық» деп атаған. Сондықтан осылай аталуы тиіс. Оның пайда болуы Арийлер заманына жатады. Балық ірі мәдени орталық болған. Бактрия мемлекеті б.з.б. VІ-ІV ғасырларда Ахемен әулетінің, кейін Александр Македонский империясының, Грек-Бактрия патшалығының, Кушан патшалықтарының қол астында жасаған. Аттары аталған мемлекеттердің этникалық құрамы түріктер мен ирандықтардан құралған. Астанасы Балх түрік тілінде қала, шаһар деген мәнді білдіреді. Бұл қала осы күнге дейін сол атын сақтап келе жатыр.
«Ведевдоттың бесінші мемлекеті Нисая (Парфаз) болған. Оның астанасы Ниса (грекше Александрополь) қаласы еді. Бұл жерде бірінші аршакидтердің қабірлері болған. Мұнда Зороастризм