жалған пікірлердің де әсері болуы тиіс. Бұл мәселеде К.В. Шишкин күрделі болжауын алғаш рет беріп отыр. Көптеген тарихшылар К.В. Шишкин келтірген демографиялық есепті шындыққа тура келіңкіремейді деген пікір айтады. Мұндай күмәнданудың да жөні бар сияқты. Бүгінге дейін Орта Азияда осынша көп адамдар қоныстанған қалалардың бар екенін ешкім жазбаған. К.В. Шишкин осы қаланы тарихта белгілі Алдыңғы Азияның ірі қалаларымен салыстырып, XII ғасырдағы Ақтөбе тұрғывдарыньщ есебін шығарған. Бұл есеп орта ғасырды зерттеп жүрген қазіргі тарихшылардың пікіріне тура келмейді. Мәселен, К.М. Байпақов Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі ортағасырлық қала тұрғывдарының санын төмендегіше берген: Таразда (Таласта) – 10 мың, Отырарда – 15,5 мың 460 адам; Ислиджабта (Сайрамда) – 40 мың; Баласағұнда – 6 мың; Шелекте – 1,2 мың; 5 мың, Сүмбеде – 2,2 мың; Дүнгенде – 5600; Антоновскийде – 13 мың адам тұрғанын айтады [8]. Бірақ қала тұрғындарының келтірілген есебіне де күмәндануға бола- ды. Себебі, тұрғындар санын қандай деректерге сүйеніп алғанын К.М. Байпақов көрсетпеген. Біздіңше, Орта Азиядағы және Қазақстандағы орта ғасыр қалалары тұрғындарының саны дұрыс көрсетілмеген. Жоғарыда келтірілген Актөбе картасындағы ұзындығы 52 шақырымнан астам бекіністі 6 мың тұрғыны бар Баласағұн қаласының адамдары тұрғыза ала ма? Осындай сұрақтарды аты аталған қалалардың бәріне де қатысты қоюға болады. Өйткені, отаршылдық жылдары біздің аймаққа келген Ресей империясы ғалымдарының көпшілігі жергілікті халықтардың отырықшы мәдениеті жоқ деген пікірді ұстанғандықтан, ортағасырдағы қала тұрғындарының санын анықтауға көңіл бөлмеген. Басқасын былай қойғанда, Орта Азия халықтарының тарихын жазуда үлкен үлес қосқан белгілі шығыстанушы, академик В.В. Бартольдтың еңбектері де осындай көзқарастан құр емес екенін байқауға болады. Тіпті, совет ғалымдары да осы пікірге жүгініп, қазақ халқы көшпелі, шетінен сауатсыз, жазу-сызуы бұрын болмаған деген ұғымды заңды себеп ретінде айтып келгені баршаға мәлім. Осындай көзқарастың негізінде ортағасырдағы Орталық Азиядағы қала тұрғындарының санын тура көрсету мүмкін емес. Көптеген тарихшылар, археологтар өздерінің зерттеген археологиялық қоныстары мен қала тұрғындарын аз етіп көрсетуге тырысады. Керек десеңіз, бұл тұрақты мекендерді соғдылар салып кеткен деген жалған пікірді айтушылар әлі де баршылық.
Ерте заманнан бері талай өркениетті басынан өткерген, Орталық Азияда жүз мыңдаған тұрғыны бар қалалар неге болмауға тиіс? Самарқанд, Бұқара, Испиджаб, Баласағұн, Отырар, Сауран, Сығанақ және т.б. шаһарлар саяси, экономикалық және мәдениеттің дамыған орталығы болған. Аймақтың ертедегі ескерткіштері тек соңғы 50-60-жылдардың ішінде ғана зерттеле бастады. Бұл археология ғылымы үшін көп мерзім емес. Алдағы уақытта археологиялық зерттеулер орта ғасыр тарихынан көптеген жаңалықтар әкелетіні сөзсіз. Соның бірі Баласағұн (Ақтөбеде) дер едім. Мәселен, осы қаланың маңындағы суару жүйесі егіншілік мәдениеттің жоғары дәрежеде дамығанын дәлелдейді.