Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 33
Келтірілген үзіндіде автор Іле өңірінде Ұлы Жібек жолының бойында керуендер тоқтайтын ірі қалалардың болғандығын, соның ішінде Алматы қаласы сол уақыттың өзінде белгілі қала екенін, оның шетелдерден келген саудагерлердің, дипломаттардың тоқтайтын мәдени орталықтарының бірі екенін баяндайды. Бұл қалаларды Ш.Ш. Уәлихановтың зерттегені турасында мағлұмат бар: «Особенно плодотворными в научном отношении были для Ч. Валиханова 1856-1858 гг. В Семиреченском крае он изучал древние городища Алматы, Койлык, Алмалық, собрал коллекции древних манет, делал зарисовки с натуры Тамгалытас (на р. Или), наскальных рисунков в горах Чулактау и возле Джунгарских Ворот, каменных извояний на северном берегу Иссык-кулья и на р. Аягуз» [3].
Алматы қаласының Верныймен ешбір қатысы жоқ. Верный – Қазақстан жеріне салынған көп бекіністердің бірі. Отаршылар өздерінің басып алған жерлерінің топонимикасын өзгертуге құмар келеді. Олар Алматыға жайласып, бекініс салып, оған Верный деген ат беріп, кейін көп ұзамай Алматыны өзгертіп, оны бекіністің атымен 67 жыл бойына атап келді. Бұндай отаршылдық саясатты қолдаушылар, теріс пікірдегілер Алматы қаласын бүткілдей тарихтан алып тастап, оған отаршылардың қойған атауын мәңгі қалдырғылары келеді. Осындай теріс пікірдегі адамдар бұрын да болған, Верный туралы мақалалар жазылып, керек десеңіз, диссертациялар да қорғалған. Ә. Қайдардың біз назарға тұтып отырған мақаласында, Алматы өзінің төл атынан бүткілдей айырылып, оны отаршылардың қойған «Верный» атымен атауды көксеушілердің кейбір пікірлері берілген. Ондай теріс пікірдегілер Алматыны ойыншыққа айналдырып, оны ата-бабасының берген төл атынан біржолата айырмақшы. Қашан да тарихи шындық біреу ғана. Сондықтан, тәуелсіз ел болып, есімізді жиып жатқан кезеңде, бұл шындық өз орнына келіп, Алматы өз атымен ресми қайта аталды. Ресми түрде Елбасының «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» 1995 жылғы 5 қыркүйектегі жарлығында: «Қазақстан Республикасының астанасы – Алматы» деп тайға таңба басылғандай, айқын жазылған ғой. Кеудесінің буына нан піскен басшылар Елбасының қолы қойылған құжаттарды мойындағысы келмей ме? Алматының атын өзгертемін деп әлектенудің орнына, жер жаннаты Жетісудағы еліміздің ең үлкен қаласы – Алматыны көркейтіп, дүниені тамсандыру керек емес пе? Оның тұрған жеріндегідей өте бай табиғатқа ие қала шамалы шығар.
Сонымен Алматы Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағындағы ертедегі көне қалалардың бірі. Б.з.б. ІІІ ғасырда оның іргетасы қаланған. Археологиялық деректер бойынша, бұл қала Ұлы Жібек жолымен жүретін керуендер тоқтайтын сарайлары, базары болған. Шамамен