Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов страница 6
Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетіндегі «Археология, этнология және музеология» ірі кафедраның бірі. Кафедраның ұлағатты ұстазы У.Х. Шәлекенов 500-ден астам ғылыми еңбек жариялады. Олардың арқасында монографиялар дүниеге келді. Елімізге тарихшы мамандар тәрбиелеп шығарды. Тарих ғылымдарының кандидаттары мен докторларының саны артты. Олардың біразы өзімен бірге ұзақ уақыттан бері жемісті еңбек етуде.
Уахит Хамзаұлы Шәлекенов – ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым, кең көлемдегі түрік-қазақ тарихының ғұламасы. Ұзақ жылдар бойына атқарған өнегелі еңбегі кейінгі ұрпақтарды тәрбиелеуде үлгі. Ол – соғыс және еңбек ардагері, ұстаздық пен ғалымдықты қатар атқарып келе жатқан еңбеккер азамат. Қоғамдық істерге де белсене қатысады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақсақалдар кеңесінің мүшесі. Университеттің соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі Уахит Хамзаұлы Шәлекеновке ұзақ өмір, қайратты рух пен шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейді.
М. ЕЛЕУОВ, тарих ғылымдарының докторы,
М.У. ШӘЛЕКЕНОВ, тарих ғылымдарының докторы
ПРОФЕССОР У.Х. ШӘЛЕКЕНОВТІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультеті археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, құрметті кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі Уахит Хамзаұлы Шәлекенов биыл 90 жасқа толып отыр.
Қазақ халқы кейінгі ұрпаққа өнегелі іс көрсетіп, алға жол сілтеген өзінің адал ұлдары мен қыздарын қашан да құрметтеген. Ондай азаматтар өмірдің әр саласынан ерекше көрінген және олардың халқына сіңірген игілікті еңбегін жас ұрпақ арасында кеңінен таратқан. Бұрынғы бабаларының, аталарының, ағаларының және аналары мен апаларының халқы алдында атқарған игілікті ісіне еліктеп жастар да өскен. Халқына өнегелі қызмет еткен, өсіп өнген осындай әулеттің бірі Шәлекеновтер отбасы.
Уахит Хамзаұлы Шәлекеновтің әкесі Хамза Шәлекенұлы (1890-1942 жж.) мен анасы Хафиза Шәлекенова (1895-1937 жж.) орта шаруа болғанымен, перзенттерінің білім алып, белгілі маман болып шығуын аңсады. Олардың тұңғышы Қабира Хамзақызы (1918-1989 жж.) биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде