Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов страница 6
3) қатқыл магнитті дискіге жинаушы немесе винчестер (ағылш. Hard Disc Drive – қатқыл магнитті дискіге жинаушы немесе винчестер, HDD);
4) иілгіш магниттік дискілерге арналған дискжетек (ағылш. Floppy Disk Drive – иілгіш магниттік дискілерге арналған дискжетек, FDD);
5) оперативті есте сақтау құрылғысы (ағылш. Random Access Mеmоrу, RАM);
6) тұрақты есте сақтау құрылғысы (ағылш. Read Only Mеmоrу, RОM);
7) графикалық контроллер – графикалық операцияларды орындауға және видеодеректерді өңдеуге арналған құрылғы; видео бейне суреттерді өңдеуді жылдамдату үшін акселератор деп аталатын процессор бар;
8) жазық кабельдер, өтпелі байланыстар, түйіндерді электрлі байланыстыру элементтері, тораптар мен құрастыру сымдары;
9) корпус (CASE, computer-aided software engineering – автоматтандырылған программалау), ДК компоненттерін сыртқы әсерлерден қорғауға арналған, ол қоректендіру блогын қамтиды;
10) үздіксіз электрмен жабдықтау дереккөзі (ағылш. Uninterruptible Power Supply, UРS);
11) ақпаратты енгізу құрылғылары – пернетақта, тінтуір, джойстик, трекбол, сканер, дигитайзер;
12) ақпаратты шығару құрылғылары – монитор, плоттер, принтер;
13) мультимедиа (ағылш. Соmрасt Disс – Read Only Mеmоrу, СD-RОM), дыбыстық карта (ағылш. Digitаl Video Disс – Read Only Mеmоrу, DVD-RОM), кіріс-шығыс видео картасы;
14) байланыс үшін – желілік карта, модем.
Заманауи дербес компьютерлердің архитектурасы магистральды-модульды қағидасына негізделген, яғни компьютерлерді ұйымдастыру модульді түрде және құрылғылар арасында ақпарат алмасу магистраль (шина) бойынша орындалады.
Ішкі аппараттық қамтамасыздандыру. Жүйелік блок.
Аналық плата (Motherboard).
Ең үлкен плата және жүйелік блоктағы барлық басқа платаларды өзіне біріктіретін плата «Аналық» деп аталады, ол – компьютердің жүрегі. «Аналық плата» барлығын байланыстырып, құрылғылар арасында оған кіретін сигналдардың жіберілуін қамтамасыз етеді.
Аналық платаның жоғарғы жағында құрылғыларды қосу үшін келесідей жалғағыштар орналасқан: сокеттер (sockets) – процессорлар үшін сокеттер; слоттар (slots) – кеңейту карточкалары және оперативті жады бойынша коннекторлар; контроллерлер (controller) енгізу/шығару порттары.
Процессор (СРU).
Процессор компьютердің ми жұмысын атқарады десек те болады. Процессордың негізгі параметрлері:
– [Hz, MHz, GHz] уақыт бірлігінде процессормен орындалатын операциялар санын анықтайтын, тактілік жиілік;
– бір тактіде өзінің регистрінде қанша ақпаратты қабылдай алатынын және өңдей алатынын көрсететін санаттылық;
– процессор жиілігіне жету үшін аналық платаның тактілік жиілігін көбейтуді құптайтын тактілік жиіліктің ішкі көбею коэффициенті;
– жұмыс кернеуі;
– КЭШ (ағылш. Cacher – «жасыру» жады