Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 12
Ақша деген соң ол ойланып, иіле қалғандай. Досын оятып, әлгі казакқа жеткізген еді. Ол ойбай салды: «Ертең Колпаковский білсе, екеумізді де, мына киргиздармен қосып түрмеге жабады». Мына сөзді естіген кейбір болыстар та қорқып кетті. Сөздері бітіп қалғандай болды. Әлгі казак-орыс отырып:
– Сендерді түгел Сібірге айдау керек екен… – деді.
Мына сөзіне Шоң ыза болып айтқан: «Оны патша да жасай алмаған. Сен өзің не айтып отырсың?»
– Сендерді патша аяп қалдырған. Әйтпесе, түгел киргиздарды Сібірге айдатып жіберетін еді. Мен сендерге рұқсат бермеймін. Олай болса, Колпаковскийден барып өздерің рұқсат алыңдар.
Осында келген әрбір тоғыз болыстың әрқайсысының басына жүз жүйріктен артып отыр. Сол Шоңға бір сенім бергендей еді. Ендеше, қазір генералға барамыз деген оған. Казак-орыс бұған қарсы келе алмады. Келіскендей ыңғай танытқан. Мына жақтан татар отырып:
– Ол конакратты қайтесіңдер! Әне, баласы да конакрат болып жүр.
– Сен кисық сөйлеп отырсың. Қанша конакрат болса да, оның соңына үш жүз мың адам ерген, біздің жақтан да көп адам болған. Біз Кенесары үшін емес, туысқандарымыздың қандары төгілген жерге барып құран оқып қайтуымыз керек.
Татар казакпен ақылдасты да жиналып отырғандарға айтқан татарша:
– Бізде ондай билік жоқ. Генералмен ақылдасыңдар. Сол не айтса, сол болады.
Ертеңіне қасында екі болыс бар Шоң Колпаковскийдің кеңсесіне жүріп кетті. Шоңдардың қасына тілмаш татар мен орыс-казактар бірге ерген еді. Шоң Шапыраштар аулында қалған болыстарға айтқан: «Егер бізді тұтқындаса, сендер қашып кетіңдер. Сонда генерал ойланады».
Қасында татар мен казак бар, Шоңдар Колпаковскийдің кеңсесіне келді. Оларды кеңсеге кіргізбеді.
– Қазір мен ертіп шығамын, – деп кеткен татар тілмаш. Содан көп кешікті. Бұлар аттан түсіп есік алдында ұзақ отырды.
Шоң терезеге қарап отырған. Бір-екі рет терезенің ар жағынан генералдың бейнесін көріп қалды. Мынасынан Колпаковскийдін толғаныста жүргенін Шоң сезді. Генералмен жолығуға келген болыстардың енді сөздері өзгере бастады. «Біз осыны бекер жасадық. Айтқандарын жасап, біраз қонақ болып кетуіміз керек еді. Хан тұқымында не ақымыз бар? Ана төрелер іздеп алсын!»
Шоңның бұған қарсы айтар сөзі бар еді, сіздер төрелер үшін емес, анау туған жерден алыста қалған туысқандардың басына құран оқуға келіп отырсыздар демекші болды. Бірақ бұл туралы айтпады. Оны өздері де біліп отыр. Содан үнсіз отыра берді.
Генералдың осынша сыртқа шықпай кешігуінен, Шоңның іші бір нәрсені сезгендей болып еді. Шығатынына енді күдік келтіре бастаған. Ана Шапыраштыларға мазақ болғандарын енді білді. Қасында отырған екі болыстың «жүр, кетейік» дегеніне болмай, генерал шықпаса