Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 14
Бұл сөздің артында сыр бар еді, Колпаковский татар тілмашқа ол жаққа шамаларың келсе жібермеңдер деген. Ол болысқа жеткізген. Әлгі адамның айтып тұрғаны содан еді.
– Сіз үйтіп мені қорқытпаңыз. Онда осылармен бірге кетемін. Әкем көптен бері туысқандарының басына барып құран оқимын деп жүр еді, жақсы болды, – деді баласы. Шапыраштының шалының сөзін тыңдамай жүріп кетті.
Арбаға отырған соң шал әңгімесін бастап кетті:
– Мен төре боламын. Баяғыда Кенесары әскерімен бірге келіп, осы жақта үйленіп қалғанмын. Содан бері елім – Көкшетауға жете алмай жүрмін. Оның үстіне осы Ұлы жүзден әйел алдым. Жаратушы қабірімді осы жерден бұйыртқан шығар…
Шоң әбден кәрілікті мойындап қалған мына кісінің мұңлы сөзіне ортақтасып қалды. Апарып көрсететініне Шоңның көңілінде әлі де күдік бар еді, шал жерді ұмытып қалған шығар деген ой да бар болатын. Шалдың қасында Шоң жайғасып отырған, оған өзін мазалап тұрған сұрақты қойды:
– Сіз ол жерді ұмытып қалған жоқсыз ба?
– Ол жерде менің екі туысқанымның да сүйегі жатыр. Уақытында барып алып келейін деп едім, мына Шапыраштылар орыстардан қорқып, жібермеді ғой. Бәрі де жадымда…
Шалдың құлағы естімейді екен. Соны білген Шоң оған ешқандай сұрақ қойған жоқ. Еркіне жіберіп, сөзін тыңдап отыра берген. Әлгі адам Көкшетауда өткізген жастық шағы туралы айтқан. Арасында төрелер туралы сұрады. Қоңырқұлжа мен Уәлиханды еске алды.
– Кенесарының жеңілуіне алдымен сол екеуі себепкер болды. Олар орысқа берілмегенде біз жеңіп шығатын едік.
Шоң тыңдаушы, шал сөйлеуші. Шоң шын мәнінде мына адам төремін дегенде хан тұқымынан деп қалды.
– Шыңғыс ханның қай баласынан тарайсыз?
– Мен Шыңғыстың өзінен тараған ұрпақпын. Бер жағын біле жатарсыңдар. – Төрелер қазақтарға Шыңғыс ханнан бастап, аталары туралы қалт жібермей айтып отыратын. Ал мына адам Шыңғыс хан, Жошыдан басқасын білмейтін болып шықты. Басқа аталарымның атын ұмытып қалыппын деді. Шоң сонысына күдік келтіріп еді. Бірақ үндеген жоқ.
Шал енді сөзін Шапыраштыларға бұрды.
– Мына Ұлы жүз, оның ішінде Шапыраштылар оңбайды. Кенесарыға көмектеспеді ғой. – Шапыраштарды біраз жамандап алды. – Бұлар шеттерінен қорқақ. Ана Сыпатай батырдың қашып кеткенін білесіңдер ме?
– Ағасы, Сыпатай батырды онша жамандамаңыз. Біздің жақта да ондайлар болды ғой. Кенесары елдің бәрін ауыз бірлігіне жеткізе алмады. – Осы айтқанын айқайлап, шалдың құлағына зорға жеткізді.
Шал отырып әлден уақытта Шоңнан сұрады:
– Өздерің кім боласыңдар?
Шоң шалдың көңілі үшін айтқан:
– Мен төре боламын…
Мына сөзді естігенде шалдың есі шығып кеткендей болды. Шоңды айналып, толғанып жатты. Көп жылдан бері Арқаның төрелерін көрмеп едім, сенің сөзіңді естіп, бір жасап қалдым ғой. Атың кім?
– Шоң. – Мына сөзді естігенде шал шалқасынан түскендей болды.
– Өзің мені