Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 20
– Бұл орыстар осы отырған сіздерден жүз жүйрік ат алып кетпекші. Бұл патшанын нұскауы көрінеді. Дауласпайық, ренжіспейік, сол сұраған аттарын берейік. Оны жасамасаңдар күшпен алады, – деді Шоң.
Отырғандар үндемей қалды. Бәрінде де бір пікір көңілдерінде туындай қалған. Шоң мұны оязға, губернаторға жағымпазданып жасап отыр деп болжаған. Шоң бұлар айтпаса да біліп отыр еді. Елдің қандай көңіл-күйде отырғанын біліп, сезіп отырған. Содан кейін айтқан:
– Орыстар қазақтан сұрамайды, талап етеді. Ал бермесеңдер баяғыдай әскер шығарып, тартып алады ғой. Осында оны кейбіреулерің білесіңдер. Тартып алғаны дұрыс па, әлде өз қолыңмен берген дұрыс па? Соны ойлаңдар. Біз айқайлағанмен, түк жасай алмаймыз. Ал айтқанын жасасақ, қазаққа көзқарастары өзгереді. Заңдарын да жұмсарта береді. Біз үшін қайсы дұрыс, соны ойланып көріңіздер. Тартып алғаны дұрыс па, әлде өз еркімізбен бергеніміз жөн бе? Бәрібір алады, одан да өз қолымыздан берейік. Орыс бастықтардың тілін алмау бізге ешқандай пайда әкелмейді. Менімен бірге еріп барған болыстарға да осындай тапсырмалар берді. Сенбесеңдер мына көрші отырған Темештерден кісі жіберіп біліңдер, – деді. Сөзінің соңында: – Сіздер созып жібермей, осы жұманың ішінде мына орыс-казактарға әкеп тапсырыңдар. Нұра бойында отырған әрбір болыс қарауындағы Алтай, Қарпықтардың байлары жүйрік аттарын әкеп тапсыруы керек. Байлар тығып қалуды ойламасын. Мен қай байда қандай жүйрік барын білемін. Жүйрік болғанда, жүйріктің жүйрігін беріңіздер. Мен есептеп қойдым, болыстардағы әрбір байлар екеуден, үшеуден ғана келеді. Сарандық жасамаңдар. Оның арты жақсы болмайды. Соны естен шығармаңдар. – Шоң осымен сөзін аяқтаған еді.
Не болады, не болмайды деген жоқ, болыстар, билер үнсіз кеткен. Шоң олардың қандай көңіл-күйде кетіп бара жатқандарын біле қалды да, олардың үндемеуі Шоңға ұнамады, содан кейін айтқан:
– Мен сіздерге тағы да айтамын, бұл патшаның тапсырмасы. Бермесеңдер тартып алады. Ол жақсы емес, ең дұрыс жолы айқайласпай, дауласпай өз қолымыздан берейік, сонда жаманатты болмаймыз…
Омар болыс кетіп бала жатып айтқан:
– Сіз, Шоңке, қызық сөйлейсіз, ол аттар болыстардікі емес, байлардікі, оны сіз жақсы білесіз. Сонда солардан тартып әпереміз бе?
– Сені сол туысқандарың, билер болыс етіп сайлады. Оны ояз қолдады.
Айтқанды орындай алмасаң, неге болыс болып отырсың?
Шоңның мына «алмасаң несіне болыс болып отырсың» деген сөзінен кейін Омар да, басқа болыстар үндемей қалған. Бұл үндемеуде бір сыр бар екенің білді Шоң, бірақ әліптің артын күтіп, басқа сөз айтқан жоқ. Дегенмен, мұның арты үлкен дау болатынын іші сезіп отыр еді. Даудың бастамасы Омардың әлгі сөзі екенін сезді. Арада екі күн өткен соң Шоң Омарға адам жіберді, оған хатты қосып жазып жіберген еді. Онда жазған еді: «Омар, сен уақытында орындамасаң, екінші рет „тақыр Омар“ атанасың. Бұл орыннан шығарып тастайды. Ояз сенің қанша бергеніңе қарамай, осы тапсырманы