Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 22

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

тигендей болды. «Олай болса, ояз алдында жауап бересіңдер». Бұл сөздің мәнін билер де түсініп отыр еді. Ұсталған байлардың туыстары өздеріне маза бермейтінін сезетін. Билер екі оттың арасында қалғандай қысылып отыр еді. Үй арасындағы жанжал күшейіп кететінін білді. Қалмағанбет сол арада өзінің пысықтығына салып:

      – Пәленше, түгенше, сіз ана туысыңызға айтыңыз, жүйріктерін әкелсін деп неге айтпайсыз?

      Бұл Қалмағанбет тарапынан шыққан ұтымды сөз еді, байларға да, билерге де тиіп жатқан сөз еді.

      – Ал оны жасамасаңыздар, Шоңкеңнің айтқаны болады. Ақмолаға барып, ояз алдында жауап бересіздер. Мен бұдан кейін сіздерге сөз айтпаймын, – деп бітірді сөз аяғын ол.

      Шоң Қалмағанбеттің ақылы шамалы болғанымен қулығы мол екенін білетін. Қазір сонысына салып отырғанын бірден түсінді. Билерге өздеріне жақын туысқандарын қолға алуды жүктеп, билерді ұстаудың бір жолы екенін болыс да түсіне қалғанға ұқсайды. Билердің біразы қартайған адамдар еді. Қалмағанбеттің айтқанын жасамаса ұятқа қалатынын кәрі билер түсініп отыр еді. Шоң отырып айтқан:

      – Сен Қалмағанбет мына билерден бұрын асықпа! Ал сіздер жүйрікті бермеймін деген туыстарды осында алып келіңіздер. Мен әуелі олармен өзім сөйлесіп көрейін. Ал егер көнбесе, мына орыс-казактармен Ақмолаға айдайық. – Сөзінің күшін молайту үшін Шоң айтқан: – сіздердің тілдеріңізді алмайтын олар қандай туысқан адамдар? Олардан аттарды күшпен аламыз да, ал сіздер биліктен кетесіздер.

      Мына сөздің әсері күшті болды да, билер қозғалақтап, орындарына отыра алмай кетті. Шоң олардың бұл күйін түсіне қалды да айтарын терендете, болысқа күш бергендей етіп айтқан:

      – Әуеліде Қалмағанбетті өздерің сайладыңдар, енді оны неге қолдамайсыңдар. Билер қолдамаса, болыста қандай билік болады? Сен, Қалмағанбет, ұялма, бұдан былай қай би тілді алмайды маған келіп айт. Баяғы қазақ заманы емес, оязға айтамыз да, биліктен шығарып жібереміз.

      Бір би отырып:

      – Шоңке болыстың жұмысына араласпайық деп біз қойған едік…

      Бұл сөзді қулықпен айтып отырғанын Шоң біле қалды да:

      – Олай болмайды, мына жұмыс бидікі, анау болыстікі деп бөлуге болмайды. Бәріне де ортақ шаруа. Мен сіздерге өткен жолы да айтқанмын, бұл шаруаны тапсырып отырған анау губернатор екенін ескерткенмін. Қазір де айтып отырмын. Қалай сөзге түсінбейтін адамсыздар. Онда қандай күш бар екенін білесіңдер. Ерегіссе жүйріктерді ғана емес, өздерінді де айдап әкетеді. Анау надан туыстарыңызға дұрыстап айтасыздар ма? Кенесарыға көмектескендерге не жасағанын білдіңдер ғой. Одан зорғысын жасайды.

      Отырған билер Кенесарыға көмектескен адамдарға не жасағанын жақсы білетін. Бұлардын арасында сонау Кенесары заманындағы жағдайды жақсы білетін билер де бар еді. Кәрі адамдар керемет, қорқақ болады екен. Олардың тіптен қорқып кеткенін Шоң да байқап отырған.

      – Олай болса осыдан барысымен байлардың бәрін сен, Қалмағанбет, шақырып ал. Оның ішінде мына билер де болсын. Көп болып қолға

Скачать книгу