Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 26

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

бар болатын. Сол Тоқалардағы жүйріктердің бәрін білетін. Соны шақыртып алып айтқан болатын: «Дәуке, сіз маған мына жылқылардың ішінен қайсы жүйрік еместігін анықтап беріңізші» – деді. Ол аралап көріп, он шақты жылқылардың нашар екенін анықтап берген еді. Шоң казактардың бастығына айтқан: «Қазір сен барып мына аттарды қай жерден алдың, орнына жүйріктерін алып кел. Әйтпесе, бір жылқы да алмайсың» – деді.

      Ол кеткен. Әлгі пара алған байларды қорқытып, ыңғай жүйріктерін алып келген еді.

      Олар дау шығара алмады. Жүйріктерін берген. Шоңнан, бір жағынан мына казак-орыстан қорықты. Оған қоса әкесінен не үшін жүйрік алмай отырғанын білді казак. Осында келгелі Шоңның адал адам екеніне көзі әбден жеткен болатын. Мына сөзді содан кейін айтып отырғанын түсінді.

      – Сіздің әкеңіздің көңіліне қарап едік. Олай болса сіздерден де аламыз…

      Шоң тыста жүрген әкесіне:

      – Ана орыстар сенен де аламын деп отыр. Барып Таланкөктен, Көкбоздан және Кербестінің тұқымынан төрт ат әкел!

      Бұл аттар Телкозы мен Шоңның арасындағы әр жерден алған жүйрік аттар еді. Мына сөзді естігенде Телқозының іші өртеніп кеткендей болды.

      – Әй, Шоң, сен бастығыңа жақсы көріну үшін осы сөзді айтып тұрсың ғой. Елдің бәрі екі жүйріктен беріп жатыр. Мен де екеуден артық бермеймін!

      – Мен өз алдым бір үймін. Екі үйден төрт жылқы беруге тиістіміз!

      – Біздің еншімізді әлі ешкім бөлген жоқ. Сенің айтып тұрған мынау сөзің не?

      – Жағдай солай болып тұр. Телқозы, басы артық сөз айтпа! Менің айтқанымды жаса! Сен бұлай ойлағаныңмен, ел басқаша ойлайды. Ел ертеңгі күні сөз тудыру үшін басқаша сөйлейді.

      Телқозы Шоңның бұл сөзіне қарсы ештеңе айта алмады. Ақыры айтқан жылқыларын алып келуге Мұхамеджанды жіберген еді.

      Мұхамеджан алып келгенде, жетегінде Кербестінің екі тұқымы бар, Байсары келді. Шоң оған айтты:

      – Бізге Елгелдіден ешқандай жылқы керегі жоқ. Аттарды алып кет. Қажет болса ояз шақырып алып сөйлеседі. Соның алдында бересіндер!

      – Шоңке, елдің бәрі беріп жатқан көрінеді. Ұят болады ғой, – деді Байсары.

      – Сендер ұятты енді біліп тұрсыңдар ба? Бар, алып кетіңдер. Олай болса, ана Ақмоладағы оязға апарып беріңдер! – деп, Шоң үйіне кіріп кетті.

      Казактар Шоңнын айтқанын тыңдап тұрған еді. Қазақша ептеп білетін біреуі Телқозыдан сұраған:

      – Бұл жылқыларды әкелген алдыңғы біз барған ауылдың адамы ма?

      – Солар әкеліп тұр. Мен бұл аттарды жақсы білемін. Бұл маңайда бұлардан артық жылқы жоқ.

      Ақыры Байсарыдан екі жүйрікті алып қалған. Енді казактар қайтуға жиналып тұрған еді. Шоң оларды шығарып салуға сыртқа шықты. Жылқылардың ішінен әлгі Байсары әкелген Кербестінің екі тұқымын көрген. Шоң тұрып айтқан казактар бастығына:

      – Ана екі атты тастап кетіңдер, – деді. Ол сөзге түсінбей:

      – Неге? – деді.

      – Мен генералға жүз жылқы беремін дегенмін. Жүз екі жылқы беремін деген жоқпын.

      Аз

Скачать книгу