Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 30

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

күйші-домбырашысы болады. Байқап отырған боларсыз, домбырасын өңгеріп келді, қайда жүрсе де бұл серігін тастамайды. Әйелінен де жақсы көреді бұл дүниесін…

      – Неге тастаймын, менің барлық қызығым да, қуанышым да осы домбырада. Шоң, дұрыс айтасың, рас, әйелімнен де жақсы көремін.

      – Жарайды, сенің әйелің мына сөзіңді естімей-ақ қойсын. Мен сені Көкшетаудан іздеп келген мына домбырашы ініңмен әдейі таныстыруға шақырдым.

      – Менің ол жақта домбырашы інім жоқ еді ғой…

      – Сенің жолына түскен адамның бәрі де саған жолдас, туыс, дос. Бос сөзді сөйлеме. – Сөзі ұнамаса осылай қағып тастайтынын білетін Сары Тоқа артықтау бара жатқанын сезді, сәл үндемей отырып қалды да артынша:

      – Сенің менен жасың кіші, олай болса тарт. Алдымен сені тыңдап көрейін, – деді Сары Тоқа.

      Жігіт Кұрманғазының күйлерінен бастап, Дәулеткерейге тоқтады.

      – Тәттімбеттен не білесің?

      Жігіт оның да екі-үш күйін тартып берді.

      – Өзің күй шығарасың ба?

      Жігіт отырып өзі шығарған бірнеше күйлерін орындады.

      – Бауырым, күйіңде әуен көп екен.

      – Көп болғаны жақсы емес пе?

      – Көп болғаны тартушысын шатастырады, сондықтан күй бірқалыпты, бір әуенді болуы керек. Бұл күй үшін жазылмаған заң тәрізді…

      – Ағасы, сіздің бұл айтқаныңыз дұрыс емес, әуеннің көп болғаны күйді байытады.

      – Жоқ, бауырым, күйге екпіндей жоғары шығып, төмен түсу жарасады. Бірақ мына сенің күйлеріңде әуен көп екен. Ал ол өлең емес, күйге келмейді.

      – Ағасы, өзіңіз қай күйшіден үйреніп жүрсіз?

      – Мен қазіргі, бұрынғы күйшілердің бәрінен үйренемін. Әлгі өзің тартқан күйлердің күйлерінен тәлім-тәрбие алдым. Содан өз әдісім қалыптасқан.

      – Әр күйші күйге өз жанынан жаңалық енгізіп отыруы керек. Содан күй байи түседі.

      – Інім, бұл дегеніңе қосыла алмаймын.

      – Ағасы, сіз құдайшылығын айтыңызшы, – деді жігіт Шоңға. Манадан бері, Сары Тоқа келгенше, Шоң жігіттің күйлерін тыңдап отырған еді. Ол көбіне өзі шығарған күйлерді тартқан еді. Жігітті ықылас койып тындап отырған. Содан кейін әлгі сөзді айтып отыр еді.

      – Мен бұл салада сіздерге сарапшы бола алмаймын. Мынау отырған Сайдалының Сары Тоқасы – атақты күйші. Бұдан асқан бұл маңайда күйші жоқ. Ел солай дейді, мен де солай бағалаймын.

      – Байқадым, бұл кісінің күйлері, басқаларды ыңғай қайталап отырады екен… Оның үстіне күйінде әуен аз.

      Жігіттің мына сөзі қатты батып кетті де, Сары Тоқа ашуланып орнынан тұрды. Шоң оны тоқтату үшін айтты:

      – Жасың үлкен, бұл ашуыңа жол болсын?! – Ол тыңдамай кеткен еді.

      – Мен мұндай мінезі үшін мұны Бұласыр деп атап кеткенмін. Сен оған өкпелеме, күйлеріңді шығара бер, халық жақсысын екшеп, жаманын тастап отырады.

      Тамақтан кейін

Скачать книгу