Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 32
– Ол не деген сөз? Мына сөзіңізге түсінбедім?
– Солардың айтқанын орындай отырып, ретті жерінде біздің жаққа көшіп келген орыстардың суды былғап жатқанын айтсақ, бірдеңе дер, жоғары жаққа жазу керек. Бізде басқа қандай күш барын білмеймін.
– Қарсы айқасқа шықсақ қайтеді?
Жігіттің мына сөзінде қызбалық бар екенін түсінді. Көңілдегісін айтқан:
– Баяғыда іргеңде отырған Кенесары сұлтан шығып еді ғой, не болғанын өзің көрмесең де, әкеңнен естіген шығарсың. Әзірге бізде орысқа қарсы келетін күш жоқ. Шыққандар да соның жолын құшасыңдар. Өзіміздің шама-шарқымызға қарап, не істесек те орыс әкімдерімен келісімге келе отырып жасауымыз керек. Басқа түк жасай алмаймыз.
– Сіз әбден орыстардың жағына шыққан екенсіз!
Жігіттің мына сөзі өзіне ауыр тисе де Шоң оны сездірмеді. Жасқа тән қызбалықпен айтып отыр деп түйді де, ішкі күйін білдірмей, сөзін жалғай берді. Жігіттің айтылған мәселеге тым ызалы екенін сезіп отыр еді. Шоң онысын басуға тырысты.
– Бауырым, бағанадан сөйлесіп жатырмыз, атың кім?
– Атым – Жәнібек.
– Әке-шешең үміт күтіп, атыңды хан есімімен атаған болуы керек. Сен тым қызба екенсің. Ертеңгі күні орыстарға бір артық сөз айтсаң, Сібірге айдатып жіберуі мүмкін. Не болса да, ақылмен жасауымыз керек. Талай адамдар қызбалықпен орыстарға мінез көрсетіп, ақыры Сібірге кетті, болмаса орыс қолынан өліп қалды. Оны ұмытпа! Не болса да, ойланып жасау керек екенін түсін…
– Сонда не істеуіміз керек?
– Оны өзім де білмеймін. Қазақта қазір ешқандай күш жоқ. Сен кешегі қазақтардың мықтыларынан күшті емессің. Көрпеңді өзіңе шақтап көсіл. Сіз соны әуелі ойлап көріңіз, Көшім ханның мемлекеті қайда? Орыстың бір ұрысы бес жүз адаммен басып алған. Кешегі Абылай ханды қазақтар 1770 жылы бүкіл қазақтың ханы етіп сайлады, ал оны Екінші Екатерина әйел патша 1778 жылғы 24 мамырдағы Жарлығымен тек Орта жүздің ханы боласың деп, бүкіл қазақтың мойындаған ханы екенін жоққа шығарды. Өзің көрген де естіген де шығарсың, Онтүстікте де қанша көтеріліс болды, бәрі жеңілді. Кенесарының баласы Сыздыққа орыс әскері не істегенін білемісің… Өзің айтып отырған хан тұқымы Шоқан сол орыстардың айтқанын жасап кеткен жоқ па? Оны неге жасады? Мен білмеймін. Басқа амалы болмағандықтан жасаған шығар. Мен де амалсыздан орыстардың айтқанын жасаймын. Ертеңгі күні орысқа қарсы қатты бірдеңе айтсам, Сібірге айдатып жіберетінін білемін. Біз орысқа қарсы шығып түк ұтпаймыз. Саған да соны айтамын. Орыс алдында шіренудің қажеті жоқ. Жағдайға байланысты жүру керек. Кезінде Кенесары айқайлап орыстардың губернаторына қандай талаптар қойғанын білетін боларсың. Оның сөзін тындады ма? Тыңдаған жоқ, Сарыарқадан қуып шықты. Талай қазақты Сібірге айдатып жіберді. Мұның бәрі орыстың