Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 27
Шоң алдында Ахметжанды Ақмолада орысша біраз оқытқан, не екенін білмейтін, орысша оқуға құмарлығы жоқ еді оның. Үйге қайтып келе берген. Сонда да үйде отырғызбайтын, Шоң Телқозынының айтуымен баласын анда-мындағы даулы мәселеге жұмсай беретін. Осылай біртіндеп үйрететініне үміті бар еді. Бүгін зорға жіберген. «Ана адам маған арыз айтып келіп отыр. Сондықтан сені жұмсап отырмын. Сен міндетті түрде барасың» деген.
Қазақтар мен орыстар арасында болған дауға ептеген орысшасы бар Ахметжанды жіберіп, дауды шешуде баласының қаншалықты қабілеті барын байқау еді мұнысы. Әрбір осындай кездесулерден кейін Ахметжанға жіберген қателіктерін айтып отыратын. Әкесінің мұнысын ол жақтырмайтын. Амалсыздан баратын. Таңертең де сондай бір мінез көрсеткен. Телқозы да, Шоңның Ахметжанды жұмсағанымен, онда ешқандай ықылас жоғын байқап жүретін. Байқағыш, көреген Телқозы бірде айтқан: «Шоң, ана Оспанды неге жұмсамайсың, оның қабылеті Ахметжаннан әлдеқайда жоғары тұр».
Шоң Оспан барса елден анау-мынауды сұрағыш екенін білетін. Содан кейін оны жұмсамайтын.
Болыстар-билер орындарына балаларын тартып жататын. Шоң болыстықтан кетсе, түбінде орнына Оспанды қойғызу болатын Телқозының ойы. Әлгіндей сөзден кейін бірде айтқан: «оның қолынан болыстық келмейді» деген.
Телқозының айтар сөзі көп еді, бірақ Шоңның көңіліне қарап айтпаған. Сонымен сөз бітіп қалған. Телқозы бұдан кейін Шоңға айтпайтын болған еді. Бірақ көңілінде болыс болуға Ахметжаннан гөрі Оспан лайықты деген ой берік орнап қалған.
Шоң құстан келіп аттан түсті. Кермеден Ахметжанның атын көре алмады. Оның тапсырмасын тындырған соң сол жақтан қыдырып кететіні де бар еді. Шоң оның ондай мінезін жақтырмайды. Ыңғай айтып отырады, әуелі шаруаны қалай тындырғаныңды маған айт, содан кейін қайда кетсең де бара бер дейтін. Қанша айтса да тілін алғыза алмай жүр. Осы қылығына қарай бұл бала берекесіздеу болады деп де ойлап қоятыны да бар еді. Ахметжанның Сарытоқаға елігіп, домбыра тартып, ән салуы көбейіп кеткен соңғы кезде. Шоң баласының онысын жақтырмайтын. Оның өзі тәрізді саясатпен көбірек айналысуын тілейтін. Оның домбыраға құмарлығы уақытша екенін білетін. Тереңдеп жатқан өнері жоқ екенін сезетін. Дегенмен, бұл туралы ашық ештеңе айтпай жүрген.
Аты