Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 25
Шоңның сол арада айтатын сөзі болмай қалды. Бұл үйге бұл шаруамен келмеу керек еді деп ойлады. Мұнысы ағасы Айсары өліміне келмегеніне қазақи өкпесі екенін білді. Шоңның әлі де айтар сөзі көп еді. Бірақ айтпады. Әңгіменің ұзаққа созылып кететінін біліп:
– Менің сенімен қазір дауласатын уақытым жоқ. Менімен дауласқыларың келсе, кейін арнайы келемін, – деді де, Шоң орынан тұрып кетті.
Сол бойы Шоң кайтып кеткен. Артынан еріп келген екі орыс та шықты. Шоң кермеде байлаулы тұрған атына мініп жүріп кетті. Былай шыққан соң түкке түсінбеген орыс-казактардың бастығы сөз бастады:
– Ана кісі жүйрік аттарын бермей отыр ма?
Қазір бермейді десе күш көрсететінін сезіп, мұның арты төбелеске айналып кететінін сезіп Шоң:
– Оларда жүйрік ат жоқ көрінеді.
Шоң ауылына келген еді. Телқозы Шоңның кұр қол келгенінен қорқып, Елгелділер дау шығарып жүйрік ат бермегенін сезді. Бірақ ләм деген жоқ.
Көрші болыстардан жүйріктерін әкеліп жатты. Тіленнің бір байы да бір жүйрігін әкелмей қойды. Өзін шақыртып еді, ауырып жатырмын дегенді айтып, өзі де келмеді. Ақыры, Әлсенді жіберген, оған айтқан: «егер ана туысқаның айтқан жүйрікті әкелмесе тиісті жазасын оған да, саған да қолданамын» деген. Әлсен бұл сөзді сол қалпында жеткізген еді. Мына сөзді естігенде бай қорқып кетті. Шоңның ойдағы жоқ жазаны колдана білетінін сезетін еді. Өзі сайлатқан би, мына Әлсенге де бірнеше күн Түсіптің жылқысын бақылатып қойғанын, ақыры екі жүйрігін Алдаберген алып келгенін естіген.
Шоң Елгелділерге Әлсенді жіберуді бір ойлады. Оның әкелетініне сенімді еді. Шоңның өзінен көріп, екі ру арасынданы дауды өршітіп алатынын біліп, содан кейін жібермеген.
Жүйріктердің негізі жиналып калған. Казак-орыстар ертең қайтамыз деп отырған. Шоң Телқозыға айтқан:
– Мыналарға беретін жүйрік аттарды әкел, – деген.
– Бұлар менен жүйрік ат алмайды. Онда шаруаң болмасын. Бұл орыстармен келіскенмін…
Шоң жақсы сезіп, біліп тұр еді. Егер өзі бермесе арты үлкен дауға айналатын.
– Телқозы, есіңде болсын, басқаларға үлгі көрсетіп, алдымен менің беруім керек…
– Сен ылғи басқаларға шамаң келмесе де, маған күш көрсетесің де отырасың. Ана Елгелділерден болыстығыңды көрсетіп, неге алмадың? Сені қалай түсінуге болады? – Телқозы ашумен біраз жерге барған. Шоң шыдай алмай:
– Телқозы, бос сөзды қой! Елгелділерде шаруаң болмасын. Олар кейін жауабын береді. Екі ру арасындағы жанжалды одан әрі ушықтырғың келіп отыр ма? Одан да мына орыстарға жүйрік аттарды бер. Ертең сөз болмасын десең, айналаңда неше түрлі адамдар отыр. Ертең оязға жеткізеді. Екі-үш жылқы үшін мен ұятты болып қалмайын.
Телқозы бұдан кейін ештеңе демей шығып бара жатыр еді, оны Шоң тоқтатып:
– Телқозы, айтып отырмын ғой, мына орыстарға беретін жылқыларды алып кел. Екі жүйрік емес, төртеуін әкел. Екеуі ана Кербестінің тұқымынан болсын!
Телқозы