Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 21

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

Шыдаңдар деп бірнеше рет қайталап айтқан. Шоңнын бұдан басқа айтар сөзі жоқ болатын. Казак-орыстар бұл сөзде шындық жатқанын түсінгендей, шыдап бақты. Бұлардың да қазақтардың аттарын әйелдерінен жақсы көретініне енді көздері біржола жете бастаған еді.

      Бір күні казак-орыстың бастығы айтқан: «Бір-екі байды, билерді, болыстарды Ақмолаға айдап апарсақ қайтеді?» Олар да ат алуға басқа болыстарға кеткен казактармен хабарласып отырған еді. Олар қандай шара қолданып жатқандарын айтып келген. Ақмолаға апарып біразын екі-үш күн түрмеде ұстап еді, айтқандарын ойдағыдай орындағанын айтып келген. Басқа болыстарға барған казактар тиесілі аттарын осылай зорлап жинап алып жатқанын Шоң естіп отырған еді. Соны Шоң мақұлдаса, қолдарында қаруы бар бұлар қазір іске кірісетінін біліп отыр еді. Казактар Шоң аузынан тек бір сөз күтіп отырған.

      – Оларың заңға қайшы болады, өз еркілеріңмен берсін деген жоқ па бастықтарың. Тартып алуға, күш көрсетуге болмайды, – деді Шоң.

      – Ендеше мынау не, губернатор тапсырмасын орындамай отыр әлі?

      – Орындайды, – деді Шоң. Оны жасаса бүкіл Тоқа руында реніш тудыратынын Шоң біліп отырған. Казактардың айтқанын көңілі қаламады.

      Байларға айтқанын жасататын өзінің де бір әдісі болатын. Ол осы маңайдың ұрыларына пәленнің пәленше жүйрігін алып кел десе, оларға сездірмей-ақ алып келетінін біліп отырған. Бірақ Шоң оған да бармады. Ол туралы мына жерде айтпады. Сөзінің соңында айтқан:

      – Сендердің күш көрсетулерің дұрыс емес. Ал губернатордың алдында мен өзім жауап беремін. Сендер тек шыдаңдар!

      Орыс-казактардың бастығы мына сөзден кейін айтары таусылғандай, үндемей қалды. Бірақ олардың қатты ренжіп отырғанын білді Шоң.

      Орыс мінезін жақсы білетін Шоң оларды көңілдендіру үшін Захар заемкасына Ахметжанды жіберіп, қолдан ашытқан арақ алғызып берді. Арақ ішіп алған орыс-казақтар жөн сөзге келіп, Шоңмен дұрыстап сөйлесе бастады.

      – Шоң Телқозинович, не жасасаңыз да өзіңіз біліңіз. Біз күтуге дайынбыз, – деді төрт казактың бастығы, біраз арақ ішіп алған соң. Олардың ашуы басылды. Шоң Захардың арағын беріп осыны жасады да отырды.

      Қазақ айтқандай, тамағы тоқ, көйлектері көк, жата берді олар да. Күнінде төрт-бес мезгіл тамағын Әйімкүлге дайындатып тұрды. Олар да Шоңнын мұндай қызметіне риза еді. Енді басы артық сөз айтпайтын болды. Жата берді.

      Орыс-казактардың емес, енді Шоңның өзінің шыдамы бітті. Бұл жолы іргелес отырған Жыланды болысының билері мен болысы Қалмағанбетті шақырды. Бірде-бір жүйрік әкелмей жатқан осы Жыланды болысы еді. Бұл жолы да өткен жолғыдай қайыра дастархан жасалып, әңгіме басталды. Шоң бұл жолы да ешкімде де жекелеп тиіскен жоқ. Бәріне арнап сөйледі:

      – Сіздер өткен сайлауда мына Қалмағанбетті жақтап сөйледіңдер. Өз алдына болыс болдыңдар. Мен енді сендермен бұдан былай сөйлеспеймін. Жүйріктер жайында келесі жолы ояздың алдына

Скачать книгу