Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 29

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

жақтан боласың?

      – Атығай-Қарауыл елінен келе жатырмын.

      – Шырағым, тым алыстан жүр екенсің. – Алыстан екенін білгеннен кейін әлгінде кіріп-шығып кеткен Әйімкүлге дауыстап: «Әйімкүл, қымыз әкел» деді.

      Шоңның әуелден қалыптасқан әдеті бар еді, келген адамнан не шаруаман келгенін өзі айтпаса сұрамайтын, арада бір күн өткізіп, оның аузынан сөз шықпаса ғана сұрайтын. Жігіттің айтқаны:

      – Әдейі, сізбен кездеспекші болып, алыстан іздеп келдім.

      – Оның дұрыс екен. – Шоң көңілден шықсын-шықпасын, сөзін осылай «оның дұрыс» екенмен бітіретін. Дегенмен, жігіт туралы ойда отыр еді. Ел шаруасына араласуға тым жастау екен, сірә, бір қыз іздеп жүрген жігіт боларсың деген ойға тоқтаған еді. Талай жігіттер мен олардың әкелері: «Шоңке, анау пәленше сөз тыңдайтын емес, қызы көңілін бөліп тұр, содан бірдеңе айтыңыз» деп келетін. Мына жігіт алыс жақтан келіп отыр. Қандай оймен келгенін білмейді. Әкесі бір шаруамен жіберген шығарға және тіреген. Дегенмен, мына жігіттің не шаруамен келгенін әлі білмей отырған. Әлгінде ат үстінде тайталақтап тұрғаны да ұнамай қалған. Бір мықты бидің, байдың баласы боларға тоқтаған еді.

      Осы кезде Әйімкүл қымыз әкеліп алдына қойды. Шоңға піскен сүт әкелген. Соңғы кезде қан қысымым көтеріліп кетеді деп, Шоң қымыз ішуді қойған. Ішсе де бір сағына ішетін. Әйімкүлдің келген адамдар алдына қымыз қойғанда, Шоң алдына сүт қоюы әдетке айналған. Елдің бірі де оның сүтке көшкенін білмейтін. Үй іші адамдары, Әлсен тәрізді көңілі жақын адамдар ғана білетін… Содан келген адамға қымыз іш деп, өзі де сүтті ұрттап қойып отыратын. Бірақ сүтті де көп ішпейтін. Шөлдегенде болмаса ыдысын тауысып ішпейтін.

      Жігіт бұл жаққа бара жатқанда жол сілтеген адамы айтқан, Шоң мінезді кісі, ұнатпаған адамын қабылдамай да қояды деген. Әуелінде солай ма деп қалған жігіт, үй иессінің өзіне көзқарасы қалай екенін білмей отырған. Үй иесінің көңілін тапқысы келді ме, анадай жерде тұрған домбыраны алып қымыздан екі-үш ұрттағаннан кейін домбырасының құлақ күйін келтіріп, шерте бастады. Мына шертісінен-ақ жігіттің бір мықты домбырашы екенін байқап қалды. Шоң жас болсын, кәрі болсын бірінші кездескен адамына «сіз» деп сөйлейтін. Қазір де сол әдетімен сөйлеп отыр еді.

      – Сіз домбыраны жақсы тартатын болуыңыз керек, бауырым!

      – Азын-аулақ, – деді жігіт. Оның сыпайылық жасап отырғанын біле қалды Шоң.

      – Дегенмен, домбыра шертісің маған ұнайды. Біздің жақта, осында Сайдалының Сары Тоқасы деген домбырашы бар, естуің бар ма?

      – Естуім бар, бірақ көрген адамым емес. – Жігіт бұрын бұл есімді білмейтін, «білемін» дегенді сыпайылықпен айтып отыр еді. Бір жағынан Шоңның аузынан шыққан сөзден ол кісінің оңай адам еместігін сезгендей болған. Жігітте бір жағынан сол адамды көруге құмарлық пайда бола кетті.

      Шоң айтпаса да, мына жігіттің сол адамды көруге ынтықтығы бар екенін біле қалды. Өйткені, домбырашылар біріне бірі жақын жүріп, бір-бірінің

Скачать книгу