Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 36
– Сен үйтіп саудаласпа, биесін өзіне қайтып бер. Шабатын жерді жай бер. Ол атаңнан қалған жоқ, бұл шабындық осы маңайда отырғандардың бәріне ортақ. Пара алмай, ортақтасып пайдаланыңдар.
Оспан әкесінің сөзін жақтырмады, бірақ қарсы сөз айтқан жоқ, үндемей кеткен. Бұл сөзді өзінің көңіл-күйіне байланысты айтып отырғанға ұйғарған. Шешесінен алдында естіген, әкесінің не болса соған сөйлей беретінін айтқан, содан Оспан сөзден қашып әкесінің үйіне келе бермейтін. Шаруаның бәрін Телқозымен ақылдасып жасайтын. Шешесінің аузынан әкесінің соңғы кезде бас ауруына байланысты ашуланшақ болып кеткенін естіген еді алдында. Мынау да соның әсері шығар деп мән бермеген. Әкесінің аузынан әлгі сөзді естіген соң, «жарайды, айтқаныңызды жасаймын» деп қайтып кеткен.
Содан Шоң биені қайтып берді деп жүрген болатын. Бір күні Шоң Оспан үйіне бара жатса жолай бес-алты адам шөп шауып жатыр екен. Сырттай Естай бай бақылап тұр.
– Естай, мына жерді сен шапқызып жатырсың ба?
– Иә, мен шапқызып жатырмын, Шоңке. Неге сұрадыңыз?
– Жай, әншейін, – деді Шоң.
Естай көңілінде тұрған өкпесін болысқа айта бастады:
– Осы айналаның бәрін ел бөліп алыпты. Анда барсам – менікі дейді, мынаған келсем – ол да менікі дейді. Бос шабындық жер қалмаған. Шоңке, сіз оны білесіз бе?
Шоң мына Естайдың бір жанжалды шығарғалы тұрғанын білді.
– Естай, олай болмаса ертеңгі күні жанжал көбейіп кетеді. Әркім өзіне тиелісі жерін білгені дұрыс. Бұл орыстардың тәртібіне байланысты шығып жатқан шаруа. Саған да жер берілген жоқ па?
– Берілген. Бірақ бөліс кезінде билер аздау жер беріп, шабындығым аз болып тұр.
– Мына шауып жатқан жерің кімдігі? – Естайдың аздау тиді деген сөзіне байланысты айтып тұр еді бұл сөзді. Ал ол Шоң біліп, әдейі сұрап тұр деп ойлады да:
– Осы жерден шөп шабуға Оспанға бір бие бердім.
– Мен соған байланысты билерге шабындық жерлерді бөлгендерге айтқанмын. Кейбір адамдардың жерінде шабындық жер жоқ екенін