Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 38

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

сөзінен кейін үндемей қалған болатын. Әкесі бір сөз бастай бергенде, ол да шығып кетті. Әлден уақытта сыртта жүрген адамдардың бәрі үйге кірді, дастарханға отырды. Оспанның әйелі дәу тегенеге толы қымыз әкеліп, елге қымыз құя бастады. Сырттағы жұмыстарын реттеген болуы керек, үйге Оспан да кірді. Шоң алдына қойылған қымызды ішпей, әрірек итеріп қойды.

      – Неге итересің? – деді Телқозы.

      – Бұл қымызда әлгі Естайдан алған биенің де сүті бар шығар. Сондықтан ішпеймін…

      – Ол жерден әлгі Тама бір жыл бойы шөп шапқан.

      – Ол жер сенікі емес. Сен заңсыз сауда жасап отырсың, Оспан! Саған бие берген ана Естайдың ісі де арам жұмыс. Екеуіңдікі де дұрыс емес.

      – Қалай менікі кисық? Атам заманнан бері Жанкелді бабам, одан кейін Зейнет әкем, одан соң көкем пайдаланып келген. Ал енді мен неге пайдаланбаймын? – Бұл сөзді үлкен әкесі Телқозының аузынан естіген еді алдында Оспан. Жүзінде ашу болатын. Шоң баласының мына сөзімен өзіне мінез көрсетіп отырғанын жақтырмады. Ашулы сөйледі:

      – Ол жер Тамаға да, Аралбайға да, Ерназарға да ортақ. Сондықтан жеке иемденуге сенің құқың жоқ.

      – Осы Шоң ойламаған жерден қайдағы жоқ бір тәртіпті шығарады да отырады, – деп Телқозы реніш білдірді.

      Шоң әкесінің осы арада араласып отырғанын жақтырмай орнынан тұрып кеткен. Оның ашуы басылғанша сыртта біраз жүріп келетін әдеті бар еді. Соған орай Әйімкүл де, басқалар да мән бермей үйде отыра берді.

      Шоң сыртқа шығып қараса, биелерді екі-үш әйел сауып жатыр екен. Шоң сауушылардың бірінен Естайдың биесі қайсысы екенін сұрады. Биелерді идіріп жүрген жігіт Естай берген биені көрсетті. Алдыңғы жылғы жабағысымен биылғы құлыны қасында тұр екен. Шоң бие саудырып жүрген жігітке айтты.

      – Мына биені менің жетегіме байлап бер, – деді. Ол Шонның айтқанын екі етпей жасаған болатын. Шоң биені алып жүріп кетті. Үйдегілер бұны білмей отыра берді. Шоң жетегінде бие мен оның соңына ерген жабағысы, құлыны бар, Естай шөп шауып жатқан жерге келді. Жиырма шақты жігіт шалғыларын еркін сілтеп жатыр екен.

      Алдында Естаймен Оспан екеуі келісіп, бұл биені тастап кеткен. Шоң келгенде анадай жерде, шалғышылардың жұмысын сырттай бақылап, Естай отырған. Шоңның жетегіндегі өзінің құлынды биесін көріп, бір шатақтың туындап кеткенін сезгендей болды. Сасып қалған сыңайы бар. Орнынан тұрды.

      – Шоңке, Оспанмен келісіп едік қой, неге әкелдіңіз?

      – Сен де, Оспан да адам емессіңдер. Жер сенікі де, Оспандікі де емес…

      – Енді кімдікі? – деді Естай аузына басқа сөз түспей.

      – Бұл жердің билігі оязда, қазақ жерінің билігі патшаға көшкен. Қазақтан жер билігі баяғыда кеткен. Мықты болсаң, ояздан ұрықсат алып кел!

      Шоңның мына сөзінен Естай қорқып қалды да, оған сен кет деп айтып тұрғандай естілді:

      – Сіз осы жерде отырған ояздың өкілі емессіз бе? Дұрыстап айтпайсыз ба? Мен тегін шауып жатқан жоқ. Ақысына бір бие бердім.

      – Мен сендердің бұл

Скачать книгу