Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 41

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

рас. Сонда бұл маңайда маған жамандық жасауы мүмкін кім деп ойлайсың? – Бұл сұрақты әдейі қойған еді. Өйткені, бір ауыздан бір ауызға жететін сөздер болады. Мына жігіт сондай сөздің бірін естіген шығар деп, әдейі білу үшін сұраған.

      – Кім білген? – деп қысқа ғана сөзбен жауап берген еді. Жігіттің күмілжіп қалғанын байқады Шоң. Сол сәтте Қабденнің жүзі өзгеріп кеткендей болды. Шоң мұны байқап қалды. Сонда да бұған Шоң мән берген жоқ. Өзінше, мұндай сөз естіп отырған соң ұялудың белгісі шығар деген пікірге тоқтаған.

      Өткен жолы Әлпейіс бай келіп, біраз реніш білдіріп кеткен. «Шоңке, сіз оязда жақсы атанғыңыз келіп, біздің барлық жүйріктерімізді бергіздіңіз. Ал мына Темештерден, жүйрігіне қарамай, бергенін алыпты».

      «Бұл ояздың нұсқауы емес, ана губернатордың тапсырмасы. Оның арты жақсы болмайды. Арты үлкен сөз болып кету мүмкін. Басы артық сөзді тудырудың қажеті қанша?! Бәрібір орыстар біліп қалса, арты кейін үлкен сөз болады».

      Сонда Әлпейіс қатты ашуланып кеткен. Сөзінің арасында көреміз сөзін айтып қалған. Шоң оған мән бермеген сонда. Реніштен туған сөз шығар деп болжаған еді. Қазіргі сәтте Әлпейістің сол сөзін еске алуында сыр бар еді. Мына жігіт қызды алып қашқанда Әлпейіс бұған ара түсіп келіп сөйлеген. Сонда Шоң оған да мән бермеген. Бұл жігіт адал болған соң соны жасап отыр ғой деген қортындыға келген. Қазір сол ойына түсті де, айтар сөзі өзгеріп кеткендей болған. Сол жұмсап, мынау соның айтқанын орындап жүр ме деген ой келді басына. Бірақ сонда да ол пікірге тоқтай алмады. Ол туралы айтып мына жігітті ренжітіп аламын да деп ойлаған еді. Бірақ көңілінің ар жағынан бір сұрақ туындап, сол маза бермей, содан кейін сұраған еді.

      – Осы Әлпейістің саған қандай жақындығы бар?

      – Ол менің нағашымның інісі ғой.

      – Сол нағашыңның інісі біздің үйге өрт салуы мүмкін бе?

      – Шоңке, оны мен қайдан білемін…

      – Естіген шығарсың, өткен жолы мен оның үш жүйрігін орыстарға алып беріп едім. Соған ерегісіп жасап жүрген жоқ па?

      – Ол жағын білмедім. – Жігіттің жүзі тағы да өзгеріңкіреп кеткен. Шоң бағанадан бері жігіт жүзіне қарап отырған. Шоңның біреуді тексергенде жүзін байқап отыратын әдеті болатын. Кей қулар сыр бермейтін. Жүздерінде ешқандай өзгеріс болмайтын. Ал адал адамдар қызарып, болмаса жүзі ағарып кететін. Қазір мына жігіттің жүзі ағарып кетті.

      – Ана Әлпейістің маған аттарын орыстарға алып бергеніме өшігуі мүмкін бе? – деп, Шоң алдында берген сұрағын тағы қойды. Ондағы ойы – жүзі тағы да өзгере ме екен – байқау болатын.

      Жігіт сәл ойланып барып, үзіліс жасап жауап берді.

      – Ол да ғажап емес…

      Шоң мынаның бірден жауап бермей, ойланып қалғанына да мән беріп отыр еді. Тағы бір ғажабы, дұрыс сөйлеп отырған жігіт кенет кекештеніп қалды. Шоң оны байқап қалып, тағы сұрақ койды:

      – Қабден, сенің осы кекештігің бар ма?

      – Сасып, асығыс сөйлегенде ондайым бар.

      – Мен сені асықтырып отырмын ба?

      – Жоқ,

Скачать книгу