Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 43

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

Шоң енді біржола сезді. Содан кейін айтқан:

      – Менің қояр талабым – үйдің құнын төле!

      Болыстың соңынан қалмайтынын түсінген ол, содан кейін отырып:

      – Біз туыс адамдармыз. Сіздің басыңызға түскен бір ауыртпалықты көтеріп, бір үйді қайыра салып берейін. Тек сіздің көңіліңізде күдік қалмасын. Ояз судьясына сізбен бару маған да, сізге де ұят болар. Елге де сездірмей-ақ қояйық, – деді Әлпейіс.

      – Сен мына істі мойындап емес, менен қорыққаннан жасап отырған адамға ұқсайсың. Мен анық-қанығына жеткен соң, сені шақырып айтып отырмын. Тағы да айтамын, сен оған түсін. Сен өзің келіп, әдейі өртеген жоқсың. Бірақ сен жұмсаған адамдар жасады. Дұрыс айтасың, екеуміздің сот алдына барғанымызды естіген жұрттан ұят. Сені мен дұрыс түсініп отырсың. Мен сені сот, билер алдына апарып әуре етпейін. Сені де, мені де ел ертеңгі күні мазақ етеді. Оған бармай-ақ қояйын. Сен мына өртеніп кеткен үйді қалпына келтіріп бер, күз түскенше.

      Әлпейіс әлде де анық-канығына жеткісі келіп:

      – Шоңке, тура мені мойындатқандай етіп сөйлеп отырсыз. Мен әлгі сөзді ұялғаннан айтып отырмын. Олай болса, алдымен мен жұмсаған адамды әкеп көрсетіңізші.

      – Сен одан түк ұтпайсың. Қажет болса уақытында ол да болады. Оны қажет етсең, мен оларды тура сот алдына шақырамын. Қазір ел алдында көрсетіп оларды әшкерелегім келмейді. Жұрт алдында оларды ұялтқым келмей отыр.

      – Шоңке, сонда да құрып кеткенде атын айтыңызшы…

      – Оның аты неге керек саған? Кім екенін өзің білесің, – Шон қазір барып соны кінәлағалы отырғанын білді. – Сен оған барып тиіссең, шаруа басқаша бет алады. Біліп отырсың ба? Ең дұрысы, жабулы қазан жабулы қалсын істегім келеді. Мен ешкімге айтпаймын. Үн-түнсіз үйді қайыра салып бер.

      Әлпейіс Шоңның бәрін біліп отырғанын білді. Бұдан кейін үндеген жоқ, орнынан тұрып үйден шығып кетті. Шоң оны тоқтатқан жоқ. Түк демей қалды. Қабденге барып мені саттың деп айтса, мұның арты тіптен шиеленісіп кететінін білді Әлпейіс. Қабден үйіне барған жоқ. Одан түк шықпайтынын білді. Шоң оны да мойындатып, барлық шындықты біліп отырғанын сезді. Айдап отырып Телқозыға барды. Онымен оңашалап отырып сөйлескен еді.

      – Мына болыс балаң маған үй өртеді деп жала жауып отыр. Не істеймін?

      – Шоң олай десе оның дәлелі бар шығар. Мен оған не айтамын?

      Телқозының мына сөзінен кейін Әлпейістің айтары бітіп қалды да:

      – Иә, болыстікі әр уақытта дұрыс. Телеке, сіздің балаңыздың қолында үлкен күш бар. Сондықтан да оның айтқандары қай жерде болмасын шын дейді. Ал менікі кисық болып шығады. Сондықтан да, мен осы шаруаны қоздырмай, сіздерге елу жылқы берейін. Сонымен жылы жауып қояйық.

      Телқозы мынаның әбден мойындап келіп отырғанын білді. Қайтсе де үй құнын төлейтінін сезді. Соған орай айтқан болатын өз ойын:

      – Шоңға ол үй оңайлықпен түскен жоқ. Жүзден артық жылқы кетті базарға. Егер келісімге келсең, жүз жылқы бер. Содан кейін онымен өзім сөйлесейін.

      Әлпейіс амалсыз көнген еді. Сол күні Телқозы Шоң үйіне келді. Үйдің түгі қалмай өртеніп кеткенін алдында

Скачать книгу