Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 39

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

білмей жүрген. Әлден уақытта Естай келді. Жетегінде әлгі бие бар, қасында жабағысы мен құлыны еріп жүр. Естай сөз бастады:

      – Оспан, келісіп едік ғой, мынауың не?

      Іштен шыққан Телқозы сөзге араласты:

      – Әй, Естай! Шоң енді өз айтқаны болмаса болмайды. Сен екеуің осы сауданы қойыңдар…

      Оспан Телқозыдан асып кете алмады.

      – Жарайды, сол араны шаба бер. Кейін құлыны тай болғанда маған бересің. Қазір алып кет. Бірақ мұны біреуге айтушы болма. Әкемнің құлағына жетсе, тағы да дау шығарады. Ешкім білмесін!

      Ақыры Оспанның мына сөзіне Естай келісіп, кеткен болатын. Сол жерлерді бұрынғы қалпынша шаба берді. Арада біраз күн өткен соң қолдарында шалғылары бар, бес-алты адам жетіп келді.

      – Сендерді кім жіберді? – деп сұрады Естай.

      Бұлар Аралбай ауылынының адамдары болатын. Олар «Шоңнан шөп шабатын жер сұрап барған едік, содан осы жерге жіберді» дегенді айтты.

      Естай тұрып:

      – Алдыңғы күні ғана Оспанмен келісіп, бұл жерді мен алғанмын.

      – Шоңкең бізге де осы жерден шөп шабыңдар деді.

      – Мен ше сонда? – деді Естай.

      – Сіздер де шаба беріңіздер, біз де шабамыз. Шоңкең солай деген.

      Өрт

      Шоңды көптен бері Ақмола жақтан ешкім де мазаламайтын. Карбышевтің сонау Санкт-Петербургте ата қонысы мәселесімен жүргеніне талай уақыт болған. Казак-орыстар алар жылқыларын алып кеткен соң, Шоң үйінде жатқан. Жазуға берілген, күндіз-түні жазу үстінде еді. Ешкім оны мазаламайтын.

      Әйімкүлдің қасына бармай сол жазу бөлмесінде жатып қалуды әдетке айналдырған. Әйімкүл де бұрынғыдай келіп оятып, төсекке жат деп айтуды да қойған. Басы ауырып жүрген соң аяйды, мазаламайды. Қасына немерелерінің бірін алып жата кететіні бар. Шоңмен бірге тұратын Ахметжан әйелі-балаларымен бірге есік алдына құрылған киіз үйде жататын жаз айларында.

      Жаңа үй салып алғаннан бері Шоң басқалардай жайлауға көше беруді біржола қойған. Әйімкүл осы қысқы қоныста отырғанды ұнатпайтын. Дегенмен сол қысқы қоныста жаз бойы отыра беретін. Бұл жағдай Шоңға да көшіп жүре беруді енді біржола ұмыттырғандай еді. Басқаша айтқанда, орыс тәртібіне Ақмола уезінде бірінші көшкен Шоң болатын.

      Соңғы жылдары Шоң жазуге тіптен беріліп кеткен еді. Бүгін Шоң түннің біраз уақытына дейін жазу жазып, өзінің жазу бөлмесінде отырып қалған. Түн жарымына жақындап қалған кез. Кенет терезе қатты қағылды. Тура Шоңның өзі отырған бөлменің терезесі болатын. Ана жақтан: «Өрт, өрт!» деген дауыс бірнеше рет қайталап шықты. Ай жарық болатын. Шоң келіп терезеге үңілген. Өздерінің баяғыдан сиырларын сауып жүретін көрші әйелді бірден таныды. Жүгіріп тысқа шыққан.

      Біраздан бері жауын болмаған. Кеуіп тұрған ағаш үй лапылдап жанып жатыр екен. Қонақ бөлмесі жағы жартылай өртеніп кетіпті. Жаз айларында ілуде-шалуда ғана болмаса үй ішіндегі қазандыққа от жағылмайтын. Жаз айларында тамақты есік алдындағы жерошақта дайындайтын. Ал мынау үйден шығып жатыр. Қонақ бөлмесінен басталған. Шоң не істерін

Скачать книгу