Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев страница 14

Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев

Скачать книгу

протоколдық сөз орамдары болады деуге болмайды, бұл жерде үкіметтік деңгейдегі, Сыртқы істер министрлігі деңгейіндегі, дипломатиялық өкілділік деңгейіндегі вербальді ноталарды айыра білген жөн. Үкімет деңгейіндегі вербальді ноталарда бағытталған үкіметке әдетте қошеметтілік білдірілмейді. Егер басқа елдің үкіметінің вербальді нотасына жауап берген сәтте негізінен басты сөз орамы жауап беріп отырған нотаны алғандығын растаудан басталады.

      Ал Сыртқы істер министрлігінің, шетелдегі дипломатиялық өкілдік ноталарының протоколдық сөз орамдары әлде қайда кең көлемді қамтиды. Күнделікті дипломатиялық қатынастарды реттейтін, нығайта түсетін, өзара байланыс көздерін жандандыра түсетін көптеген вербальді ноталарда «…өзінің ілтипатын білдіреді» сияқты протоколдық сөз орамдарымен басталып, ыңғайына қарай «…мәртебе санайды» деген сөз орамдарымен жалғасын табады. Жалпы достық сипаттағы ноталар қорытынды қошеметпен аяқталады. Мысалы: «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасында тіркелген барлық Елшіліктерге, Дипломатиялық миссияларға және Халықаралық ұйымдар өкілдіктеріне өзінің ілтипатын білдіреді және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың дипломатиялық корпуспен 2004 жылғы 14 желтоқсандағы кездесуде сөйлеген сөзінің мәтінін жіберуді мәртебе санайды. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі барлық Елшіліктерге, Дипломатиялық миссияларға және Халықаралық ұйымдар өкілдіктеріне өзінің зор ілтипатын тағы да растайды». Кейбір вербальді ноталарда «мәртебе санайды» сөз тіркесінің болмауы да мүмкін. «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне өзінің зор ілтипатын білдіре отырып, төмендегіні хабарлайды» деп басталуы да ықтимал. Сондай-ақ қорытынды қошеметте «Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Министрлік Елшілікке деген өзінің зор ілтипатын тағы да куәландырады» деп тұжырымдалуы мүмкін.

      Яғни, жолдауларда, жеке және вербальді ноталарда қолданылатын протоколдық сөз орамдары бір-біріне ұқсас болғанымен іс жүзінде дипломатиялық құжаттардың мақсаттылығына, мазмұндары мен сарынына қарай оларды әрқилы түрлендіруге болады. Нақтылы құжатты дайындау барысында қандай протоколдық сөз орамдарын қолдансам деген мәселе туындағанда, ежелдің өзінде Құранда келтірілген даналықты ескерген дұрыс: «Сізді қандай да бір қошеметпен қарсы алса онда одан да асып түсіңіз немесе соны қайтарыңыз».

      Дипломатиялық хат алмасуда өнегелілік пен сыпайылық талаптарын сақтау қабылданған, дипломатиялық құжаттар жіберілетін елдің намысына тиетін дөрекіліктен алшақ болған жөн. Оның мемлекеттік қайраткерлері үшін жағымсыз қабылданатын мағыналық және шешендік сөз орамдарын қолдануға қатаң тиым салынады. Бұл мемлекетаралық қатынасқа жағымсыз әсер етіп келеңсіз жағдайға әкеледі. Жалпы протоколдық сөз орамдары өз жағынан ешқандай нақтылы саяси мазмұнға ие болмағанымен олар дипломатиялық

Скачать книгу