Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев страница 17
Бүгінгі халықаралық өмірдің маңызды мәселелеріне қатысты ұсыныстар БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында қаралатын қарарлардың жобаларында, халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялардың жобаларында да орын алады.
Қаралған мысалдар дипломатиялық құжаттардың ішкі мазмұны бойынша ұсынысты білдіретін мағыналық өзегіне дәйектемелер. Әрине, дипломатиялық құжаттармен танысқанда немесе құрастырғанда оның мағыналық өзегінде тікелей жазылған мазмұнын ғана ұғыну жеткіліксіз, оның осы ұсыныспен айтайын деген түпкі ойын жорамалдай білуге талпыну керек. Ол үшін мағыналы өзектегі ұсыныстың алғы шартын, қарсы тараптардың мәселеге қатысты ұстанымын, бұған дейінгі ұсыныстар жөніндегі мағлұматтарды тереңінен білу керек.
Мазмұны жағынан наразылық білдіретін дипломатиялық құжаттар тобы жалпы халықаралық тәжірибеде кең таралған. Бір мемлекет немесе мемлекеттер басқа мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер туғызатын іс-әрекеттеріне, мемлекетаралық қатынастарда жалпы қабылданған ережелерді орындамауына, халықаралық құқық тұрғысынан алғанда заңсыз болып табылатын іс-қимылдарына наразылық білдіреді.
Наразылық білдірер сәтте ең бастысы наразылыққа негіз болған іс-әрекеттің болғандығын бұлтартпайтын деректермен дәлелдей білу керек. Наразылық дәлелді болу үшін мемлекет өзіне алған міндеттемені бұзғандығына тікелей сілтеме жасау қажет, мысалы, өзі мүше болып табылатын БҰҰ Жарғысын, соған қатысты шартты немесе келісімді, халықаралық конвенцияны негізге алуға болады. Осындай сілтемелермен нығайтылған наразылық білдірілетін дипломатиялық құжаттар құжат бағытталған мемлекеттің заңсыз іс-әрекеттерін әшкерелейді, соған қатысты саяси ұстанымға берік болуға шақырады. Өйткені оңды дәйектелген наразылық өзінің жағымсыз іс-әрекетімен осы наразылыққа негіз болған мемлекеттің саяси және ізгілікті беделіне орасан зор залалын тигізіп, халықаралық абыройын әлсіретеді. Кейбір наразылықты мәлімдеу үшін халықаралық құқық ережелеріне, халықаралық келісімдерге сілтеме жасамауға да болады. Мысалы, елдің әуе кеңістігін әскери ұшақтар бұзып кірген жағдайда құқық бұзушылық өзінен өзі айқын, сондықтан бұл арандатушылықтың сипатын халықаралық құжаттардың негізінде дәлелдеп жатудың қажеті шамалы. Заңсыз әрекеттерге қарсы наразылық білдіру айыпты мемлекет тарапынан келтірілген зиянды өтеуін талап етуге негіз болады. Сонымен бірге өз құқықтары мен мүддесін қорғауда қарсы іс-әрекеттер қабылданатынын ескертуі мүмкін. Яғни, наразылықты білдірудің мәні арандатушылыққа