Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев страница 16

Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев

Скачать книгу

жағымды шешім қабылдауына әкеледі. Яғни, барлық істе сындарлы ұсыныстарды көтере білу тәсілі оның өмірлік күші мен өзіндік тәжірибелігін дәлелдейді. Болашақ серіктестер (яғни осы ұсыныстар арналған мемлекеттер) алға тартылған ұсыныстардан бірден бас тарта салмай, оған іскерлік тұрғысынан ыңғай танытып, әлде қайда мұқияттылықпен және жан-жақты зерделеу барысында өздеріне, әлем және халықаралық қауіпсіздік мүддесіне тиімділігін таныса, келісімге келу жолы да ұзақ сонар бола қоймас. Халықаралық өмірдегі немесе екіжақты қатынастардағы өте қажетті мәселелерге қатысты ұсыныстар қамтылған жағдайда бұл жолды тіпті де қысқартуға және төтесінен шығуға болады.

      Ұсыныс жасалынғаннан кейін қатысуға үміттенген тараптар мәні мен маңыздылығын айқындайды, өз ұстанымдарын нақтылайды, мүмкіндіктері мен нұсқаларын зерделейді, саяси кеңес тетіктері іске қосылады, әртүрлі деңгейде сараптама өткізіліп, оның ішінде аса жоғары деңгейде де талқылаулар жүргізіледі. Соның негізінде жұмыс алға қозғала бастайды. Кей жағдайда басқаша да болуы мүмкін. Ұсынысты әр ел өз ішінде жан-жақты саралаудан өткізбейінше оның жарамсыз екендігі танылады. Тіпті оған қарсы ойдан шығарылған дәйектемелер де айтылады. Мұндай қарсылықпен де есептесуге тура келеді.

      Сол себепті ұсыныс жасалынған құжаттарда бұл ұсыныстардың сындарлы сипаты толықтай және сендірерлік түрде ашылып, ұсыныстың әр құрамдас бөлігі қатысуы мүмкін елдердің барлығының көзқарасы тұрғысынан теңестірілуі өте қажет. Егер ұсыныс халықаралық жағдайдың жақсаруына, аймақтық ынтымақтастықтың дамуына қаншалықты тиімді екендігі жан-жақты дәлелденгенімен де қандай да елдің үкіметі тарапынан қолдау таппағанымен, ол елдің осы ұсынысқа қатысты ұстанған саясаты ел ішінде сынға түсері айқын. Ал бұл қоғамдық ой-пікірдің түбінде саяси билікке әсер етері сөзсіз. Ел үкіметі де өзіне тиімділікті сезінгенде ұсынысқа қосылып, қолдайтындығы айқын. Мысалы, аймақтық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан басшылары 1996 жылы сәуірде Шанхай қаласында «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құруға келісті. Соның негізінде Шекаралық аудандарда сенімділік шараларын орнату жөніндегі келісімге қол қойды. Осы бес мемлекет 1997 жылы Мәскеу қаласында келесі өте маңызды құжат – Шекаралық аудандардағы қарулы күштерді қысқарту туралы келісімге келді. Бұл құжаттар Шанхай ынтымақтастық ұйымының саяси және заңдылық негізін қалады. Аймақтағы аса маңызды осы үрдістен сырт қалған Өзбекстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына тек қана 2001 жылдың маусымында қосылды. Аймақ үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымының мәні өте зор еді, ұйымға мүше барлық мемлекеттер аймақтағы лаңкестік іс-әрекеттерге, әкімшілді-жікшілдік ұмтылыстарға, ұлттық қысымшылдыққа қарсы күресті кеңейтуге, аймақтағы есірткі тасымалдау қылмысымен күреске дайын екендіктерін мәлімдеді. Алға қойылған мақсаттың нақты жүзеге асуын қамтамасыз етуде Ташкент қаласында лаңкестікке қарсы орталық

Скачать книгу