Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев страница 15
Дипломатиялық құжаттарды ішкі мазмұндарын нысандық белгісіне қарамастан (нота, декларация, жадынамалық жазба және т.б.) шартты түрде келесідей негізгі топтарға жіктеуге болады:
а) ұсыныстарды білдіретін мазмұндағы дипломатиялық құжаттар;
ә) мазмұны жағынан наразылық білдіретін дипломатиялық құжаттар;
б) мүмкін болатын қарсы жауап қадамды ескертетін дипломатиялық құжаттар;
в) қандай да басқа елдің немесе мемлекеттердің іс-әрекеттеріне немесе халықаралық оқиғаға қатысты мемлекеттің халықаралық-құқықтық немесе саяси ұстанымын білдіретін дипломатиялық құжаттар;
г) халықаралық мәндегі ие болатын белгіленген немесе өткізілген іс-шара жөнінде хабарлайтын дипломатиялық құжаттар;
д) келіскендікті немесе қол жеткен келісім деңгейін ресімдейтін дипломатиялық құжаттар.
Жалпы, дипломатиялық құжаттарды олардың ішкі мазмұнына қарай осылай жіктеу кейбір сәтте шартты болып келеді, өйткені іс жүзінде бір ғана құжаттың өзі жоғарыда көрсетілген мағыналы топтардың бірнешеуін қамтуы мүмкін. Дегенмен, әдетте тіпті бірнешеуін қамтыған жағдайда да мағыналы топтардың бірі дипломатиялық құжаттың басты айқындаушысы болып табылады. Әрине, ол құжаттар сол сәттегі, яғни өзінде белгіленген мерзімдегі ұстанымдарды бейнелейді. Оқиғаның дамуы сол немесе басқа ұсыныстардың өзектілігіне жоғары немесе төменгі деңгейдегі баға беріп, оларға қажетті түзетулер енгізеді.
Өзінің ішкі мазмұнына қарай ұсынысты білдіретін дипломатиялық құжаттар қысқа әрі дәл және нақты тұжырымдалып, құжат арналған мемлекетті бұл ұсынысқа көңіл бөлуге мәжбүр ететіндей болуы керек. Ұсыныстар әр қилы болуы мүмкін: ядролық қару-жарақты жаппай шығаруды шектеу және оны ғарышқа шығаруға, басқа да жаппай қыру қару-жарақтар түрлеріне тыйым салу жөнінде, қарулы күштер көлемін және әдеттегі қару-жарақтарды қысқарту туралы, халықаралық қатынастарда күш көрсетпеу жайында, аймақтағы, әлемдегі қауіпсіздікті нығайту және ынтымақтастықты дамыту немесе қақтығысты жағдайларды реттеу. Егер ұсыныс басқа мүдделі тараптар жағынан болашақ келіссөздердің негізі ретінде қолдау тауып және соған қатысты келісімдермен жүзеге асатын жағдайда жалпы қауіпсіздікті нығайту