Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы - Амангелді Әліпбаев страница 18
Яғни, келтірілген мысалда көрсетілгендей, наразылық білдіретін дипломатиялық құжаттарда сонымен бірге мүмкін болатын қарсы жауап қадамдарын да ескертуіне болады.
Наразылық білдіру және мүмкін болатын қарсы жауап қадамдарды да ескертуі бір дипломатиялық құжатта үйлесуі мүмкін. Бірақ мүмкін болатын қарсы жауап қадамдарды ескерту жөніндегі дипломатиялық құжаттар дербес мәнге де ие. Өйткені дипломатияда ескерту, басқыншылықтың алдын алу тәсілі айрықша рөл ойнайды, нақты айтқанда егер болу мүмкіндігі айқын басқыншылықты тоқтату немесе болғызбау үшін тым ерекше күш (ұжымдық немесе жеке) қабылдаумен байланысты.
Мүмкін болатын қарсы жауап қадамдары ескертілген дипломатиялық құжатты алған мемлекет өзінің келесі әрекет бағдарын айқындау үшін мүмкіндігінше құжаттың мағыналық өзегін сұрыптап, мазмұнында айтайын деген ойды нақтылауға талпынады. Дегенмен мұндай нақтылау, айтылмаған ойды ашу қате тұжырымға соқтыруы мүмкін, тіпті дәлме-дәл сараптаудың өзі күдікті дерекке негізделуі ғажап емес, өйткені ең сенімді мәлімет шын мәнінде сенімді мәлімет екендігіне ешқашан да кепілдік жоқ.
Дипломатиялық құжаттардың мағыналық өзегін ұсыныс жасауда нақты жазу қажет деп талап етілсе, мүмкін болатын қарсы жауап қадамдары ескертілген дипломатиялық құжаттардың мағыналық өзегіне басқаша талап қойылуы мүмкін, яғни мақсатты түрде ойдың айқын болмауы, тұжырымның екі ұштылығының етек алуы.
Жалпы барлық дипломатиялық құжаттар қандай да бір басқа елдің немесе мемлекеттердің іс-әрекеттеріне немесе халықаралық оқиғаға қатысты мемлекеттің халықаралық-құқықтық немесе саяси ұстанымын білдіреді.
Құжаттарда ұсыныстар білдіріле ме, әлде мазмұны жағынан наразылық білдіре ме, әлде мүмкін болатын қарсы жауап қадамды ескертетін дипломатиялық құжаттар ма, әлде халықаралық мәндегі ие болатын белгіленген немесе өткізілген іс-шара жөнінде хабарлайтын дипломатиялық құжаттар ма немесе келіскендікті әлде қол жеткен келісім деңгейін ресімдейтін дипломатиялық құжаттар ма барлығы қорыта келгенде мемлекеттің халықаралық-құқықтық немесе саяси ұстанымын білдіретін дипломатиялық құжаттар. Дегенмен, біз қарастырайық деп отырған дипломатиялық құжат бұл ұғымның тар мәніне ие. Яғни, ішкі мазмұнына сай мағыналық өзегі тек қана қандай бір басқа елдің немесе мемлекеттердің іс-әрекеттеріне немесе халықаралық оқиғаға қатысты мемлекеттің тек халықаралық-құқықтық немесе саяси ұстанымын ғана білдіреді. Бұл қандай да бір дипломатиялық әрекетті (ұсыныс жасау, наразылық білдіру және т.б.) қамтымайды. 2008 жылдың