Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі - Коллектив авторов страница 33

Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі - Коллектив авторов

Скачать книгу

біреудің сот ісін жүргізіп, талас тудырған заттың бір бөлігін алу немесе сотта жеңген кезде талап сомасын алу; азаматтық процесте бір тарапқа заңсыз тұрғыда көмектесіп, содан пайда табу.

      CHANCELLOR

      1. канцлер; 2. «әділетті сотты» жүргізуші (АҚШ-тың кейбір штаттарында); ~ of the Exchequer қаржы министрі.

      CHANCER

      әділеттілік құқы нормалары бойынша істі шешу.

      CHANCERY

      әділеттілік құқы; канцлерлік сот, әділеттілік құқық соты.

      CHANGE

      1. өзгеріс, алмасу, ауысу; айырбас; 2. қор; ~ of beneficiary бенефициардың ауысуы; ~ of domicile мекенжайын өзгерту, ауыстыру.

      CHANNEL

      параны беру.

      CHAPTER

      бөлім; бөлімше, тарау.

      CHARACTER

      1. сипат, түр, өзгешелік; 2. бедел, атақ; 3. ұсыныс; мінездеме; ~ evidence сипаттама; ~ in issue айғак ретінде сипат, түр, бедел, атақ; known ~ бұрыннан белгілі, бедел, атақ, абырой; circumstantial use of ~ жанама айғақ ретінде беделге арқа сүйеу.

      CHARACTERIZATION

      біліктілік (коллизиялық құқықта).

      CHARACTERIZE

      баға беру, анықтау (коллизиялық құқықта).

      CHARGE

      1. затты кепілзатқа қою; кепілзаттық құқық; 2. кепілзатпен ауыртпалық арту; 3. міндеттеме; жауапкершілік; 4. міндетті жүктеу; 5. нұсқама, ұйғарым; талап; тапсырма; 6. нұсқау, ұйғару; талап ету;

      7. айыптау; айыптау пункті; 8. айыптау; 9. талап-арызда жауапкердің болжамды уәждарына келіспейтіндігі жөнінде дәлелдеме келтіру;

      10. тараптың іс хақында талаптарды жазбаша бүге-шігесіне дейін баяндауы; 11. (қарастырылып жатқан іс бойынша үкім шығармас бұрын) сот төрешісінің алқа билерге ақырғы рет жүгінуі; 12. жазаға жүгіну; 13. меңгеру; басшылық ету; жүргізу; қамқорлық ету;

      14. қамқорлыққа алынған адам; 15. баға; шығыс; есептеу, алым, салық; 16. баға қою; шығыстарды біреуге арту; есептеу; салық салу; ~ of share серіктестікте борышқорға жазаны арту; be in ~ of

      1. бірнәрсені меңгеру; 2. біреуді қамқорлыққа алу, бірнәрсені сақтау; 3. біреудің қамқорлығында болу, бірнәрсені біреуде сақталу; commission ~ комиссиялық сыйақы; custom ~ кеден алымы; dismiss а ~ 1. айыпты алып тастау, қабылдамау; 2. істі тоқтату; drop a ~ айыптаудан бас тарту; duplication ~ жауапкердің жаңа қарсылықтарын қабылдамау туралы дәлел келтіру; face a ~ айыпты болу, айыпталу; formal ~ қажетті ресмиліктерді ескере отырып айып тағу; free of ~ ақысыз, еш нәрсе талап етпей; general ~ сот төрешісінің алқа билерге ақырғы рет жүгінуі; interest ~s пайыз төленетін; төленген пайыздар; land ~ жер меншігінен алынатын салық; law ~ соттық баж алымы; public ~ 1. ауыру немесе кедейшілік себептеріне байланысты мемлекет қамқорлығына алынған адам; 2. мемлекеттік бюджеттен қаржы жұмсалатын нысан; registered ~ тіркелген зат ауыртпалығы; rent ~ жалгерлік төлем; sue ~s талапкердің сот шығындары.

      CHARGEABLE

      1. салық салынатын; 2. ауыртпашылық тудыратын; 3. бір нәрсеге жауапты; 4. айыпталынатын.

      CHARGED

      айыпталушы.

      CHARGES

      шығындар; шығыстар; алымдар.

      CHARITABLE

      қайырымды, ізгі; ~ bequest қайырымдылық мақсатпен өсиетке қалған жылжитын мүліктен бас тарту.

Скачать книгу