Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі - Коллектив авторов страница 31

Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі - Коллектив авторов

Скачать книгу

style="font-size:15px;">      CASUS FOEDERIS

      лат. келісімшартта алдын ала ескерілген жағдай; келісімшарттағы міндеттемені орындау жағдайы.

      CASUS OMISSUS

      лат. заңда, келісімшартта алдын ала ескерілмеген жағдай.

      CATCH

      1. ұстау, қағып алу; үстінен шығу; әшкерелеу; 2. олжа, табыс; ~ in a deception өтірікті ашып мойнына салу; ~ in the act қолға түсіру; қылмыс үстінде қолға түсіру.

      CATCHPOLE

      сот орындаушысы.

      CAUSA

      лат. 1. себеп, уәж, түрткі; 2. сот ісі.

      CAUSA LIBERA IN ACTIO

      лат. өз еркімен жасалған әрекет, қылмыс.

      CAUSE

      1. себеп, уәж, түрткі; 2. келтіру, тигізу, жасау; 3. сот процесі;

      4. мәжбүрлеу; өкім ету, басқарып орындау; 5. тараптың іс бойынша уәжі; ~ collectively жиынтық іс-әрекет жасау; ~ of action талап қою негізі; arranged ~ қаралатын іс; case-based ~ of action іс материалдары бойынша талап негізі; matrimonial ~ ажырасу туралы сот ісі; plead a ~ сот процесінде істі қорғау; surviving ~ of action тараптың қазасына байланысты қалып қоймайтын талап негізі; testamentary ~ өсиет туралы іс; transfer of ~ істі басқа соттың қарауына беру.

      CAUSED

      келтірілген; intentionally ~ қасақана, әдейі келтірілген, жасалған.

      CAUSING

      (залал, шығын, зақым және т.б.) келтіру.

      CAUTION

      1. сақтық; 2. алдын ала сақтандыру, құлақтандыру; (тұтқындау кезінде, т.б. жағдайда) алдын ала ескерту; 3. тұтқынды алдын ала ескерту; 4. қамтамасыз ету; 5. кепілге алу; кепілге алушы; ~ money ақшалай кепіл.

      CAVEAT

      лат. 1. алдын ала сақтандыру, қарсылық білдіру; 2. істің сотта қаралуын тоқтату туралы өтініш; ~ emptor лат. «сатып алушы абай болсын»; сатып алушының тәуекел етіп сатып алған тауарының сапасы, сатып алушы тәуекелі; ~ to will ашық сотта өсиетті жарияламау туралы талап; enter/put in a ~ сот ісін тоқтату туралы арыз беру.

      CAVEATOR

      алдын ала патент арызын беруші.

      CAVIL

      1. тиісу; дәлелсіз, негізсіз қарсылық білдіру; 2. дәлелсіз, негізсіз тиісу, жала жабу, қарсылық білдіру.

      CEDE

      (құқықты және т.б.) біреуге беру, көну.

      CELEBRATE

      1. тойлау, атап өту, жөнелту (діни салт-дәстүрді); 2. қол қою, жасау; ~ a contract шартқа қол қою.

      CELEBRATION

      тойлау, атап өту, жөнелту (діни салт-дәстүрді, жол-жоралғыны); ~ of contract келісімшарт жасау; ~ of marriage үйлену, тұрмыс құру.

      CELIBACY

      целибат; діни мекемеде үйленбейтіні туралы ант-су ішу; үйленуден бас тарту.

      CELL

      түрме камерасы, бөлмесі; ~ түрме корпусы; ~ mate түрмеде бірге жатқан адам; detention ~ ұсталғандарға арналған камера; interrogation ~ тергеуге арналған камера; mass ~ жалпы камера; punishment ~ карцер.

      CENSOR

      1. цензор, бақылаушы; 2. бақылау, қадағалау.

      CENSORSHIP

      1. цензура; 2. бақылаушы қызметі.

      CENSURE

      1. сөгіс беру, ұялту, айыптау; 2. айып тағу, соттап жіберу; 3. сот үкімін шығару; кінә тағу үкімін шығару.

      CENSUS

      санақ жүргізу; take the ~ халық санын білу мақсатында санақ жүргізу.

      CENTRE

      орталық;

Скачать книгу