Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Т. Омарбеков

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы - Т. Омарбеков страница 11

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы - Т. Омарбеков

Скачать книгу

негізделген саясаты негізгі қарсыластарын қанағаттандырды. Оған қытай императоры тәрізді Тибеттің де, Шығыс түріктің де билеушілері өздерінің қыздарын ұзатты. Сұлу да өз кезегінде оларды алаламай үш елден алған әйелдерін тең ұстап, бәріне бірдей «мәртебелі қатын» лауазымын берді. Алайда Шығыс түркілері Түргеш мемлекетін бәрібір менсіне қойған жоқ. Мұны қытай жылнамаларындағы мынадай деректен де аңғара аламыз: қытайлықтар бірде өздерінің астанасы Чананьда елшілерге арнап қонақасы берді. Дастархан төріне кім отырады деген мәселеде шығыс түріктері түргештердің төрлеуіне қарсы болды: «Түрік елшісі: «Түргеш кіші ел, тегінде Түріктің боданы болатын, төрге отыратын жөні жоқ» деді. Сүліктің (Сұлудың-Т.О.) елшісі: «Бүгінгі дастархан мен үшін жайылып отыр, біз босағада отыруға тиіс емеспіз» деді. Нөкерлік уәзірлік кеңсесі мен барша сарай ұлықтары ақылдаса келіп, олардың араларына шымылдық құрып, екі бөліп отырғызды. Түрік елшілері шығыс жақ төрінен, Түргеш батыс жақ төрінен орын алды. қонақасыдан соң олар мол сыймен қайтарылды». Қандас халықтардың осылайша ата жауларының көзінше екіге жарылып, ашық жауласуы оларға абырой әпере қоймай, түптің түбінде егемендіктен екеуінің де айырылуына алып келді.

       Сұлу қағанның өмірінің соңғы жылдары Талас өзені бойына баса-көктеп кірген арабтарға қарсы күреске арналды. Мұндайда бірде түргештер жеңіске жетсе, бірде арабтар жеңіп дегендей, өзара текетірес өрши түсті. Осындайда Түргеш мемлекетіне өздерінің үстемдіктерін арттыра түсуді көздеген қытайлықтар Талас бойына әскер кіргізді. Осында олар 751 жылы араб әскерлерімен кездесіп қалып, қырғын соғыс болды. Тараз қаласы маңындағы Атлах қаласы түбінде бес күнге созылған бұл шайқастың тағдырын Жетісу жеріне көптеп қоныстана бастаған Қарлықтардың соңғы сәтте арабтар мен Түргештер жағына шығып кетулері шешті. Таң патшалығының әскерлері күйрей жеңіліс тауып, амал жоқ кейін шегінді.

      Алайда бұл оқиға Жетісу мен Түркістанда арабтардың күшейе түсуіне ықпал жасай қоймады. Орта Азияда халық наразылықтарының асқына түсулері оларды да кейін шегінуге мәжбүрледі. Осындай қолайлы сәтті де түргеш рубасылары мемлекетті нығайту ісіне орынды пайдалана алмады. Сарылар ұлысы мен Қаралар ұлысының өзара аңдысып, үздіксіз таққа таласуы өршіп кетті. Өмірінің соңына қарай халықтан алынатын алым-салықты көбейтіп жіберген және соғыс олжаларына құнығып кеткен Сұлуға ел разы болмай наразылық басталып, жарты денесі салданған, жарымжан Сұлу қаған ақыры өлтірілді. Осыны пайдаланған қытай тағы да арнайы әскер жіберіп, Сұлудың баласын да, оны қолдайтын Сары түргештерді де тақтан аластады. Алайда қытайлықтардың жағдайды пайдаланып, байырғы Ашына әулетінен қуыршақ қаған тағайындамақ болған қулығы да жүзеге аспай қалды. Билікке Сұлуды өлтірген, Сары түргештердің Бай баға қағаны келді. Алайда Қара түргештер де Сарылармен теке тіресіп, өздерінен қаған көтеруді тоқтатпады. Мұның өзі Түргеш қағанатын

Скачать книгу