Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы. Т. Омарбеков
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы - Т. Омарбеков страница 13
Ия, Қарлықтардың Жетісудағы билігі айтарлықтай ұзақ болды. Қарахандықтар билікке келген соң да Қарлықтар осында маңызды саяси рөл атқара берді. Қарахан мемлекетінің құрылуына байланысты Қарлықтар ішін ара Мәуереннахрға қоныстануға мәжбүр болғандарымен, өздерінің байырғы қоныстарын қолдан шығара қойған жоқ. Зерттеуші Ю.Зуевтің айтуынша «Алтайда және Жетісуда олардың ықпалының күшті болғаны сондай, Қарахан билеушісі оларды жеңу үшін 1125 ж. Жетісуда Батыс қидандардың династиясын негіздеген қара-қытайлық Елюй Дашидан көмек сұрауға мәжбүр болды. Алайда Қара-қытайлардың кезінде де Қарлықтар Іле аңғарында және Алтайда айтарлықтай күшті болды. Осында олар Қаялықта және Алмалықта шағын ұлыстар орталықтарын құрды». Бұл этно-саяси бірлестіктер болашақ Алаш қауымдастығын құрайтын азаттық аңсаған тайпаларды қалыптастыруда едәуір ықпалды рөл атқарды.
Түркітілдестердің Біріккен (Ұйғыр) қағанаты
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қадыр қасиетіне жету үшін бірнеше ғасырлар бойы әртүрлі атпен өмір сүрген ежелгі түркілер қағанаттарының күйреу себептерін түсініп алуымыз керек. Түркі мемлекеттігінде мызғымас дәстүрге айналған Ашына әулетінен хан сайлау жүйесін ұйғырлардың Яғлақар тайпасының көсемі Құл-бойла(Л.Гумилевта-Пейло) келмеске жіберді. Ол 745 жылы тақта отырған Басмыл тайпасының ханының басын кесіп алып, Тан императорының астанасы Чананьға жіберді және өзін Құтлық Білге деген лауазыммен хан ретінде мойындауды ұсынды. Тақтан қуылған Ашына әулетіне ілескен түріктердің қалдығы қытайға қашып, ақыры сонда табғачтарға араласып, ассимиляцияға ұшырап, жойылып кетті. Яғлақар тайпасы бастаған Онұйғыр рулары тарихи сананы мүлде жойып жіберу үшін Ашына әулетінен қалған тарихи ескерткіштерді талқандауға кірісті. Осы зобалаңның барысында атақты Күлтегіннің де мүсіні талқандалып, оның басы денесінен бөлініп қалды. Осындай бүліншілікке басқа түрік ақсүйектерінің мүсіндері де ұшырады. Адамзат үшін аса құнды асыл мұралар осылайша надандықтың құрбандығына айналды. Яғлақар ақсүйектері кезінде өздері бағынышты болып бас иген, және өздеріне бауырлас түркітілдес халықтар соңына шам алып түсті. Енді мемлекет атауы болып келген «Түрік» этнонимін «Ұйғыр» этнонимі ауыстырды.
Ұйғыр атанғандар о бастан-ақ түркітілдес Оғыздардың тайпалық бірлестіктері аясында өсіп-өнген рулар мен тайпалардан құралды. Сондықтан