Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов страница 43

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов

Скачать книгу

Жетісуға енуін іске асырады. Бұл бекіністер әскери әкімшілік, қаржылық, сауда қызметтерін орындады, бірақ басты қызметі бағындырылған территорияларды басқару болды. ХІХ ғасырдың ортасында қоқандықтар қазақтардың жеріне шабуыл жасауын жалғастырды, соның нәтижесінде Ресейдің Орта Азиядағы әскери қимылдары белсенді түрде жүргізіледі. Орынбор әскери губернаторы В.А. Обручев шекараны әрі қарай нығайта түсу үшін Сырдарияның сағасында 1847 ж. Райым (кейіннен Арал) бекінісін салып, Ақмешітті иеленуді ұсынады. Бұл жоспар қайта тағайындалған Орынбор губернаторы В.А. Перовский тұсында жүзеге асырылды. Ол 1853 ж. 2800-ге жуық адамнан тұратын 12 қаруымен Ақмешітке барады. Ондағы 3 қаруы бар 300 қоқандықты 27 шілдеде батыл шабуылмен басып алады. Ақмешіттің атауы Форт-Перовский деп тез арада өзгертілді. Осылайша, Ақмешітті қайтарып алуға әрекеттенген, бірақ оны сәтсіз аяқтаған Қоқан хандығын бағындыру басталды. 1854 ж. император Сырдария шебін басқару туралы ережені бекітеді. Осылайша, В.А. Перовскийдің әскери-стратегиялық міндеті жүзеге асты, Ресей Хиуа және Қоқан хандықтарына саяси ықпалын күшейтуге мүмкіндік алды67.

      1847 ж. Абакумовтың отряды бірнеше казарма салды, кейіннен олардың айналасында Жетісуды, яғни орыс бодандығын қабылдаған Ұлы жүз қазақтарының территориясын басқаруға арналған орталықтар құрылады. Іле өзенінің солтүстік жағалауындағы жерлер қоқан бектерінің қолында қала берді, ал олардың тірек пункті Қаскелең өзенінде орналасқан Таушыбек бекінісі болды. 1851 ж. екінші рет жасаған шабуылында орыс әскерлері оны түгелдей жояды. Орыс әкімшілігі Қытайдан Ресейге өтетін транзиттік сауда жолдарының маңыздылығын түсіне отырып, аймақты шаруашылық жағынан игере бастайды. 1854 ж. Іле Алатау тауының етегінде Верный бекінісінің негізі қаланады. Верныйдың іргесі қаланғаннан және Ақмешітті алғаннан кейін Сырдария мен Жетісу казак шептерін біріктіру жоспары қойылады. Орыс әскерлерінің сәтті енуіне 1857-1858 жылдары Шымкент пен Әулиеата өңірлерінде болған қазақтардың қоқандықтарға қарсы көтерілістері жәрдемдесті. Осы көтерілістердің аяусыз жаншылуы салдарынан қазақтар Ресей жағына өтті. Тарихи жағдайдың қалыптасқандығы сондай, қазақ халқының өмірі Қоқан мен Ресейдің бәсекелестігінің нәтижесіне бағынышты болды. 1860 ж. полковник Циммерманның басшылығымен жасақ құрылып, ол Пішпек және Тоқмақ атты қоқан бекіністерін талқандайды. Қоқан хандығы қасиетті соғыс (ғазауат) жариялап, 1860 жылдың қазанында олардың әскері (20000 адам) Ұзынағаш бекінісінде жиналды. Онда қоқандықтарды полковник Колпаковский жеңеді. Ұзынағаш шайқасынан кейін полковник М.Г. Черняевтің басшылығындағы жасақ Қастек асуынан өтіп, Тоқмақты басып алады. Орынбордан Сырдарияның төменгі ағысы бойымен, ал Батыс Сібірден Алатау бойымен бекіністерді салу арқылы орыс шекарасы біртіндеп тұйықтала түсті. Бірақ 650 шақырымға жуық үлкен кеңістік сол кезде әлі бос болды және қазақ даласына жорық жасау үшін қақпа ретінде қызмет етті. Осыған байланысты 1864 ж. екі отряд – бірі Орын бордан,

Скачать книгу


<p>67</p>

Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. – СПб., 1901. – Т. 1. – 510 с.