Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 10

Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы

Скачать книгу

Сол тұста үстемдік еткен қоғам көсемі В.И. Ленин шығыс халықтары арасындағы үгітнасихаттың рөлін күшейту жөнінде нұсқаулар беріп, радионың дамуына жол ашты. Сол себептен де ТүрікРОСТА-ның міндеттері арта түсіп, радиохабарлары кең қанат жайды.

      Ресейдегі радиоқозғалыс ұлғайған сайын ТүрікРОСТА-ның қызметі де жандана түсті. «Алғашқы РОСТА радиогазеті 1924 жылдың 24 қарашасында эфирге шықты, 1928 жылдың ортасына қарай 80 радиогазет, 1930 жылы 300-дей, бұдан басқа фабрика-заводтан – 179, колхоздардан – 100 деген радиогазеттер 29 халық тілінде шығып тұрды», – деген деректер келтірілген еді «Әуе толқынында – Қазақ радиосы» атты еңбекте. «Осы жылдар хабарларын әлеуметтік-саяси бағыттарына қарап төмендегідей бөлуге болады:

      – қоғамдық-саяси;

      – ағартушылық;

      – көңіл көтерушілік. Ал пішіндік жағынан:

      – радиожиналыс;

      – радиоүндесу;

      – радиолекция;

      – радиоконцерт;

      – радиотеатр», – деп «Қазақ радиожурналистикасы» атты еңбекте қарастырылғанын ескерсек, бұл анықтаманың Қазақ радиосының соңғы жылдардағы хабарларына да қатысты екенін, тіпті көп тұста қайталанып келгендігін байқауға болады. Радионың қалыптасу жылдарынан кейінгі кезеңінде Орталық радиода да, Қазақ радиосында да тоталитарлық мемлекеттің идеологиясын насихаттаумен келгені анық.

      1921-1927 жылдардың «Радиобағдарламалардың қалыптасу кезеңі» деген атпен тарихта қалғаны мәлім. Бұл мерзімнің Қазақ радиобағдарламаларының да қалыптасуына қатысы мол. РОСТА-ның шығыстағы бөлімдері ТүрікРОСТА және КирРОСТА халықты ақпаратпен қамтамасыз етуде өз деңгейінде қызмет атқарып, қазіргі заманғы ақпараттық агенттіктердің көшбасшысы болғандығы ақиқат. «Орталықтың Түркістанмен радиотелеграф арқылы байланысы, бұдан бұрынырақта болған. Яғни радиотелеграфтың көмегімен, 1918 жылдың 14 мамырында В.И. Ленин Ташкент атқару комитетіне радиотелеграмма жіберді», – деген тұжырым аталмыш пікірдің бір дәлелі. Сонымен қатар Қазақстан Халық комиссарлар кеңесінің 1921 жылғы 24 қыркүйектегі шешімінің республикалық радионың дүниеге келуіне тікелей әсері болғандығы атап өтілді. Демек, осы сәттен бастап Қазақ радиосының хабарлары, бағдарламалары өз міндетін атқара бастады.

      1921 жылы Қазан инженерлері дыбысты телефон арқылы рупорға беретін күшейткіштің жобасын іске асырды. Сөйтіп, радиотелефон станцияларындағы арнайы жабдықталған студиялар бойынша хабарлар беріле бастады. Сондай-ақ ауызша газет дамыды. Одақтық радиодағы бұқаралық хабар тарату әдеби-көркем хабарлардан басталғаны мәлім. Оған дәлел 1922 жылдың 17 қыркүйегінде тұңғыш радиоконцерт Мәскеудегі Орталық радиотелефон станциясынан берілген еді.

      «Радио барлығы үшін» деп аталатын акционерлік қоғамы Ресейде 1924 жылы 1 қарашада құрылған болатын. Бұл қоғамның негізгі міндеттері: радиотаратушы және қабылдаушы станцияларды дамыту; радиоәуесқойларының идеяларын қолдау; мерзімді басылымдар шығару және баяндамалар,

Скачать книгу