Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 13
1950 жылдың екінші жартысынан бастап 1960 жылдың алғашқы жартысына дейін колхоздардың біразын совхозға айналдыру процесі жүзеге асырылды. Осы тарихи оқиғалар тарихшылар арасынан әлі күнге дейін өз бағасын ала алмай келе жатқан мәселе. Біраз тарихшылар бұл жайды жақтады, біразы қарсы болды. Одан колхоз өзінің өмірін сүріп бітті деген ұғым қалыптаспауы тиіс, қайта колхоз құрылысы әрі қарай нығая түсті деген орынды сияқты.
Әуе толқынында сол кезде шыққан бүкіл хабарларға тән бір қасиет – қара дүрсіндіктен бой тарту басым болды. Техникалық құрал-жабдықтардың (диктофон, магнитофон, репортерлердің, т.б.) жоқтығына қарамастан эфирге жанды дауыс шығаруға талпынушылық болды. Бұл орайда негізгі мәселеге байланысты тыңдарман хаттары, журналистік түсіндірмелер, хабар барысында қойылатын жетекші сұрақтар, қысқасы, материалды эфирге шығару әрекеттерінің бәрінен өткенді қайталамауға тырысу болғандыгы көрініп тұрды.
Елдің өнеркәсібі дамыған сайын, ауыл шаруашылығын механикаландыру етек алды. Осылайша, Қазақстанның халық шаруашылығын дамыту процесінде негізгі рөл атқарған аталмыш мәселелердің көпшілігі қазақ радиохабарларының зерттеліп отырған кезеңдегі негізгі тақырыптары болып келген. Өйткені идеология өмірмен әрдайым өзектес. Мемлекеттік билік, халық, әлеуметтік жағдай, саясат бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді. Экономика – саясаттың нәтижелі жиынтығы деген пікірді сол қазақ радиожурналистері жақсы түсінгендігі әр хабардан көрініп, атойлап тұрғандай. Осы мәселелер жөніндегі үндеулер, үндеуге үн қосушылар, пікірлер, жылт еткен жаңалықтар радиожурналистердің назарынан тыс қалмаған. Қазақ радиосының эфирінен бір жарты жылдықта 40 колхоз төрағасының сөзі, 20-дан астам директор, үздік механизаторлар, 29 Соцалистік Еңбек Ерінің, 16 облыс, аудан партия басшыларының сөздерінің ұйымдастырылуы (деректер «Дәуір үні» атты оқу құралынан алынды – К.Қ.) [9] осы айтылған пікірлерге дәлел бола алады.
Осы реттегі радионың ықпалын ерекше атап өту керек сияқты. Қолына газет-журнал ұстауға мүмкіндігі жоқ, күні бойы еңбек майданында немесе станок қасында тұрған еңбеккерлердің құлағы радио дегенде әрдайым түрік тұруға дайын еді. Оның үстіне біраз ғана бұрын біткен Ұлы Отан соғысының барысын жұрт радиодан Левитан мен Байжанбаевтың үні арқылы тыңдап үйренген болатын. Сол соғыстың бар жаңалықты