Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 14
Өздері өмір сүріп отырған тұстағы қоғам өмірі, ішкі және сыртқы жағдайлар, әлеуметтік, экономикалық мәселелері, т.б. адамдар өмірімен сабақтас болып келетіні мәлім. Сондықтан да өмірмен өзектес хаттардың радио редакциясына ағылуы, жүрек жарды пікір-тілектердің айтылуы орынды еді. «Бізге хат келіпті» айдарымен берілген хабарлардан халықтың үні естіліп тұрғандығы байқалады. «Жылан түлеп, терісінің сыртқы қабығын алмастырған кезде қандай әлсіз болса, қоғамның бір кезеңнен екіншісіне өтер шағында халық та сондай күйге тап болады» [11], – деп жазған ғалым Л. Гумилев пікірі сол кездің де, қазіргі шақтың да анықтамасы бола алатындай. Бұл жылдар хабарларының бір ерекшелігі экономикалық түсініктемелер, кеңестер беріліп тұрған. Оған айғақтың бірі – К. Маркстің «Капиталының» [12] өзекті жерлері әуе толқынынан оқылуы.
Тіпті радиохабарлардың тиімділігін арттыра түсу үшін қоғамдық рейд, көшпелі редакция сияқты журналистика пішіндері жақсартылып, жолға қойылған. Бұл тұста ел мүддесін жүзеге асырушылардың жақсы істері жайлы радиорепортаждар жиі орын алып тұрған. Мысалы, 1946 жылдың 16 маусымында берілген хабарда [13] екіқабат әйелдер мен босанған жас аналарға арнайы ашылған ауыл шаруашылығы өнімдері дүкенінің алдынан репортаж ұйымдастырылған. Дүкен директорының, сатушылардың сөздері, балалардың дауыстары, тілек-сұраныс қабылдауға қойылған телефон шырылы, т.б. репортажға қатысты детальдардың әсерінен тыңдаушы көз алдына өзіндік сурет келеді.
1947 жылы радио рөлінің күрт күшейген жылы болды. Халыққа ақпарат таратуда, саяси тәрбие беруде, елдің мәдени деңгейін арттыруда беделі арта түсті. Жаңа радио циклдар – «Біздің Отан», «Күн тақырыбында», «Ғылым мен техника жаңалықтары», т.б. пайда болды. Осы тұстағы радиохабарларында негізінде газет материалдары көп пайдаланылғанымен, озаттар тәжірибелері туралы ұйымдастырылған, басқа тыңдармандар атымен эфирге шыққан материалдарды көптеп кездестіруге болады. Ал ол хабарларды дайындаған радиожурналистер екендігі жинақы айтылған ой-пікірлерден, нақты түйіндерден көрініп отырды. Мысалы, ЛКСМ Орталық Комитетінің қызметкері Құрмановтың «Жазғы спорт маусымын ұйымшылдықпен қарсы алайық», трактор бригадасының бригадирі Таутановтың «Біз техниканың жоғары өнімділігіне қалай жетіп отырмыз?» [14], жетісулық қызылшашы Б. Тәтенованың «Қант қызылшасынан мол өнім алудың тәжірибесі жөнінде» [15], Ермековтің «Ғылыми еңбектердің жоғары идеялығын жақсартайық» [16] деген сияқты көптеген тақырыптар