Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 12

Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы

Скачать книгу

жанрлық, пішіндік ерекшеліктері молыға түскен. Көбінесе елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қысқа ақпараттар берілген. Мысалы, 1943 жылдың 13 шілдесінде берілген ақпарат мазмұны келелі бір радиоочеркке немесе радиосуреттемеге негіз болатындай деректер:

      «Ұлы Отан соғысы кезінде 1941 жылдың 12-14 маусым күндерінде Қазақстанның астанасы Алматыда 336 атқыштар дивизиясы құрылды. Дивизия атақты Чапаевтың үзеңгілесі генерал-майор Панфиловқа тапсырылды. Генерал дивизияға жауынгерлік тәрбие беріп, 18 тамызда майданға аттанды. Бауыржан Момышұлы сияқты командирлер тәрбиелеп өсірді, политрук Мәлік Ғабдуллин мен қызыл әскер Төлеген Тоқтаровқа Совет Одағының Батыры атағы берілді» [7], – (ҚазТАГ) делінген.

      Сонымен қатар майданға материалдық көмек көрсетіп жатқан тылдағы еңбеккерлер ерліктері жайлы да көптеген хабарлар беріліп отырған. Семей облысы, Абай ауданы «Қызыл адыр» колхозының тұрғыны, 110 жастағы Тоқтай есімді қарияның сөзі берілген: «Германияның жендеттері елімізге бас салғанда мен өзімнің 11 баламнан тараған 40 немереме елін қорғау үшін аянбай күрес деп нұсқау бердім. Немерелерім менің бұл өсиетімді орындады. Олардың бәрі де орденьдер мен алғыстар алып қайтты…». Міне, бұл хабарда сол тұстағы идеологияның қуатты күші байқалады. Мұндағы бір ғана отбасының ерлікке парапар өмірі үлкен бір очеркке немесе әдеби туындыға өзек болар сөзсіз.

      Соғыс кезіндегі радиохабарлар көбінесе митингтік, насихаттық түрде берілетін. Соның бірі – ақын Виктор Гусевтің «Тыңда, фронт!» атты күн сайын бір сағаттан берілетін бағдарламасы. Майдандағы бауырласқан, бір мақсат үшін күресіп жатқан жауынгерлер ерліктері тақырып болған небір тамаша өлендер, әндер, пафосқа толы туындылар соғыс кезіндегі радиопублицистиканың көрнекті мысалдары бола алады. Тіпті «Евгений Онегин» операсынан үзінділер берілуі, «Василий Теркин» поэмасынан, «Соғыс және бейбітшілік» романынан бөлімдердің оқылуы, әрине, үлкен рухани күш бергені анық. Музыкалық хабарлардың көптеп берілуі де жауынгерлерді жеңіске бастады. Мысалы, Ресей әскерлері «Священная война» әнін салса, қазақ жауынгерлері «Жас қазақ» әнін шырқады. Әр тілде, әр жүректе айтылғанымен жеңіске жетуге деген арман ортақ болатын.

      1942 жылдың 1 маусымында партизандарға арналған бағдарламаның алғашқы саны шықты. Жер-жерде партизандық күресті дамыту арқылы да кеңес әскері көп жеңіске жеткен. Сондықтан мұңдай хабардың ашылуы қажеттіктен туған. Майдан шептерінен жеткен жеңістерді хабарлап, партизандардың еңсесін көтеретін радиотуындылар берумен бірге «Партизандарға кеңес», «Қалай жаудың қатынас құралдарын жою керек?», «Маскировка жасау шеберлігі», т.б. айдарлардың өз тыңдармандарына көп көмегін тигізгені ақиқат. Сонымен бірге радиодан туған-туысқандардың, жолдастардың бір-біріне амандық білдіріскен хаттары да берілді, мұның өзі пошта қызметінің мүмкіндігі жоқ кезде адамдарды моральдық тұрғыдан демеуге көмек берді. Осы кезде тылдағы адамдар да майдандағы жауынгерлерден

Скачать книгу