Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 15

Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы

Скачать книгу

ойдағыдай аяқталуы бүкіл кеңестің бұқаралық ақпарат құралдарының тілге тиек болған мәселесі ретінде күн тәртібінде тұрды. Сол тұстағы қалыптасқан дәстүр бойынша қоғам дамуының көрсеткіштері пайызға шағылып, ол артығымен орындалды деп есеп беру дағдыға айналған болатын. Міне, осындай даурықпалы, дақпыртты хабарлар беру Қазақ радиосының да жұмысынан орын алды. Сондықтан күйзелген халықты «енді сол күйреген құрылысты қалпына келтірген соң тамаша өмір сүресіңдер» деп титықтатқан идеология тіпті дендей бастады. Болашақтағы жұмақ өмір орнату жолындағы бесжылдық жоспарлар науқаны басталды. «Толыққанды социализмді орнатып, содан соң «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» орнайды, ол – «коммунизм», соған жету үшін халық шаруашылығының жоспарларын артығымен орындау қажет» деген ұран тасталды. Жұмыс уақытынан тыс сенбіліктер, жексенбіліктер ұйымдастырылып, міндетті сегіз сағаттан кейін қалып жұмыс істеу сияқты бүкілхалықтық қозғалыс басталып кетті. Енді партияның осы саясатын насихатттау барлық БАҚ-та, оның ішінде радиода да белең алды.

      1954 жылдың наурызынан бастап Орталық радиода ғылыми-көпшілік хабарларды беру жолға қойылды. Тылсым дүниеге жол ашу басталды. Мұның өзі біркелкі «социализм, коммунизм» тақырыбындағы хабарларды тыңдаудан жалыға бастаған тыңдармандарды бір серпілткендей болды. «Күн планетасы», «Айда тіршілік бар ма?» [20] деген сияқты хабарларға қосымша медицина, биология, астрономия, химия, т.б. ғылымдар жөнінде танымдық дүниелер көптеп беріле бастады. Қоғамның көптеген жан-жақты салаларын қамтитын бағдарламалар ұйымдастырылды.

      Бұдан кейінгі осы кезеңнің айтулы хабарлары 1956-1961 жылдары өткен Компартияның XX және XXII съездерінің материалдарына байланысты болды. Өйткені онда Компартияның бірінші хатшысы болған Н.С. Хрущевтің жеке басқа табынушылық саясаты сыналған болатын. ЧК, НКВД, МГБ, КГБ деген атаулар адам ғұмыры үшін, солардың жертөлелерінде атылған сан мыңдаған адамдардың өмірі үшін айыпталды. XX съезде басталған саяси науқан ұзаққа созылып, үкімет басына Л.И. Брежневтің келуімен жалғасты. Әр кезең басшылары өзіндік бір саяси науқанмен есте қалатыны тарихта белгілі. Ал кейінгі хатшы Қазақстандағы игерілмей жатқан шексіз алқапты орыстандыру саясатын бастады. Ол «Тың және тыңайған жерді игеру» деген атпен тарихта қалды. Қазақстанның бүкіл жайылымдық жері қыртысы қопарылып, ен дала егіс алқабына айналды. Тың жерді игеру бүкіл радиохабарлардың өзегі, көркемөнердің негізгі тақырыбы болды. Кинофильмдер де түсіріліп, музыкалар жазылып, қаншама романдарға арқау болды. Ресейдің түпкір-түпкірінен кезекті «переселендік» кезең басталып, ағылып жұмыссыз, үйсіз-күйсіз жүрген басқа ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қонақжай қазақ халқы кезекті саясаттың тағы да құрбанына айналды. Жер құнарлылығынан айырылып, эрозияға ұшырады. Жергілікті халық ұлттық қасиетінен ажырап, тілі шұбарланып, басып бара жатқан бөгде мәдениеттің, жат жұрттың илеуінде қалды. Қаншама рет зобалаңның, аштықтың, репрессияның құрсауына түскен

Скачать книгу