Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 19
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жүктелген мәселелердің ел аумағында орындалу барысы туралы «Қазақстан-2050», «Жаңа Қазақстан», «Шешім қабылданды», «ЭКСПО-2017», т.б хабарларында жүйелі түрде әңгімеленіп келеді. Төл тарихымызға жаңаша көзқарас тұрғысынан да көптеген хабарлар мен айдарлар ашылды. «Мен – қазақпын!», «Тарих толқынында», «Ұлттың жаны – ұлт тарихы», «Замана заңғарлары», «Исторические заметки», т.б. хабарларында ұлт тарихының мәселелері сөз болып жатқанын құлағы түрік тыңдаушылардың өздері де байқауы мүмкін. Эфирден тұрақты түрде беріліп жүрген хабарлардың біразымен таныстыра кеткен орынды.
Қазақ радиосының таңғы ойын-сауықтық бағдарламалар редакциясы эфирге шығаратын «Қайырлы таң, Қазақ елі!» бағдарламасы тыңдаушылардың таңертеңгілік көңілін көтеріп, рухани сергектігін арттыруға бағытталған. Таңғы көңілашар эстрадалық әндер, қызықты деректер, шартарапта болып жатқан оқиғалардан шұғыл ақпараттар, ғылым-білім, медицина, спорт, автожаңалықтар, сән әлемінің елең еткізер оқиғалары, ел іші хабарлары, ауа райы, биржа бағамы, керек кеңестер, жедел сұхбаттар, ұлттық мәселелер төңірегінде ой-талқылаулар, т.б. жекелеген айдарлар бойынша қамтылады. Шығармашылық топтың басты ұстанымы:
Тәңірінің күні жарқырап,
Ұйқыдан көңіл ашар көз.
Қуатты ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз.
«Қайырлы таң, Қазақ елі» – таңмен бірге оянып, тіршілігіне кіріскен барша жұрттың құлағын түре жүретін сүйікті бағдарламасы. Жетекшісі – Құралай Жұмахан, жүргізуші-редакторлары: Гүлден Қабиолдақызы, Лаура Омарқызы, Мұхамедияр Рашай, Әйгерім Оралбекқызы.
Адамның басынан өткеріп жатқан тағдыры шындықпен шынайы жазылатын әдеби-көркем шығарма «Өмірдің өзі новелла» деп аталады. Әдеби-көркем тілмен жазылатын сазды хабардың авторы – Ләззат Қапышева. Қазақстанға еңбек сіңірген әртіс Сауық Жақанованың оқуында беріледі. Хабардың тыңдарман аудиториясы өте үлкен, Қазақ радиосының сайтында өзіндік орны бар хабар.
Алматы студиясынан Мұрат Мұқаштың жетекшілігімен шығатын «Табиғат және біз» хабарында Елбасы Жолдауына сай, бәсекелес елдермен тең түсу жолында елде дені сау халықтың өмір сүруі, олар өмір сүріп отырған қоршаған орта экологиясының тазалығы, мемлекетіміздің басты назарында болып отырған халық тұтынатын табиғи өнім шығарып