Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 22

Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы

Скачать книгу

Қазақ радиосы республикадағы бірден-бір ауқымы кең және ұлттық ақпараттық форматтағы радиоарна болып қалыптасқан. Қазақстандағы электронды ақпарат құралдарының ішінде Қазақ радиосы ерекше мәнге ие болып отыр. Ол бірден-бір мемлекеттік арна болып табылады, яғни басты мақсаты ақпараттық саладағы мемлекеттік ұстанымды тарату, насихаттау болып қала беруде. Оның үстіне Қазақ радиосының ғасырға жуық тарихы бар, дәстүрге бай шығармашылық ұжым. Осы жылдар аралығында ол бірнеше ұрпақтың сүйікті арнасына айналып, рухани сұраныстарын қанағаттандырып келеді. Соның ішінде қазақ халқының мәдени бай дәстүрлерін қалыптастырып, дамытуда үлкен орнымен танылды: бүгінгі жеткен жетістіктеріміз – жоғары мәдениет пен жаппай сауаттылығымызда, қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларға бейжай қарай алмайтындығымызда радиохабарларының ықпалы өте күшті болды.

      Қоғамдық өзгерістер мен жаңа технологиялар Қазақ радиосына да ақпараттар тасқынынан қажетті мағлұматын алуда ұшқырлыққа мүмкіндік жасады. Оңтайландыру кезінде Қазақ радиосының да бюджеті мен штаты барынша қысқартылып, тұтастай бір «Шалқар» радиостанциясы, оның ішінде қырдағы елдің тыныс-тіршілігінен хабардар етіп отырған «Ауыл өмірі» бағдарламасы да жабылып қалған еді. Қазіргі уақытта ұлттық радио мемлекеттік тапсырыс бойынша тәулігіне 24 сағатқа дейін әуе толқынына хабар таратса, тәулік бойы ақпараттық хабарлар топтамасы қазақ және орыс тілдерінде беріліп отырылады, оның көпшілігі тұтастай жаңа мағлұмат-деректерден түзіледі. Жедел ақпарат орталығының шығармашылық қызметкерлері оларды өңдеу, даярлау және эфирге беру міндеттерін атқарады. Ал бірнеше жыл бұрын ақпараттық хабарлар әр сағаттың басында беріліп, «Соңғы хабарлар» редакциясында 200ге тарта адам қызмет атқаратын. Міне, осы журналистер қатарының еселеп қысқарғанына қарамастан ақпаратты дайындау мен өңдеудің сапасы кеміген жоқ. Рас, бұрынғыдай журналистер өздері дайындаған ақпаратты емес, көбіне сырттан келіп түсетін хабарларды өңдеумен айналысады. Ондай көздердің қатарында ақпараттық агенттіктер мен интернет көздері бар. Қазақ радиосының жедел ақпарат орталығына күніне 200-ден аса әртүрлі электронды хаттар келіп түседі. Оның ішінде Қазақ ақпарат агенттігі, «Интерфакс Қазақстан», «Kazakhstan Today», «Қазақстан Пресс», «Кода» ақпараттық агенттіктерінің, бірқатар министрліктер мен ведомостволардың баспасөз қызметтері бар.

      Әдебиеттер

       Негізгі:

      1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төртінші Еуразиялық Медиа Форумда сөйлеген сөзі.

      2. Радиожурналистика: учебник / под ред. А.А. Шереля. – 2-е изд. – М., 2002.

      3. Цвик В. Журналист с микрофоном. – М., 2000.

      4. Қабылғазина К. Хабар технологиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.

       Қосымша:

      1. Ниссбетт А. Звуковая студия. – М., 1989.

      2. Ниссбетт А. Применение микрофонов. – М., 1981.

      3. Энциклопедический

Скачать книгу