Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 23

Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы

Скачать книгу

музыканың рөлін мысалдармен сипаттау.

      6. Қазақ радиосындағы тарихи хабарларды топтастыру, мысалдармен сипаттау.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Электронды БАҚ-тың қоғамдағы негізгі міндеттерін сараптаңыз.

      2. Радиожурналистиканың даму кезеңдеріне тоқталыңыз.

      3. Электронды БАҚ-тың ғылым ретінде зерттелу деңгейін cаралаңыз.

      ДЫБЫС ЖАЗУ – ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

      Жоспар:

      1. Дыбыстың қаттылығы.

      2. Қаттылық бірлігі – децибел.

      3. Дыбыс жылдамдығы.

      Адамзат дыбыстар әлемінде, түрлі дыбыстардың ортасында болады. Адам өміріне дыбыстың етене еніп кеткендігі соншалықты сағаттың тықылы, машинаның гүрілі, т.б. сияқты айналадағы тұрмыстық шулар еленбейді. Ал құлаққа сіңіп, үйреншікті болған дыбыстар ортасынан бөліне қалған жағдайда сол дыбыстардың жетіспей тұратындығы аңғарылады. «Радионың өзі – дыбыс искусствосы. Дыбыс – адамның нәзік түйсігіне соғып, ұғым туғызатын эмоциялық құбылыс. Дыбыс өнері өмір шындығын, көркем образдарды естірту арқылы бейнелейді. Бұл оның бейнелеу тәсіліндегі өнердің басқа салалардан ерекшелігі, өзіне тән ерекше сипаты» [32], – деп жазады радио зерттеушісі, профессор Н. Омашев. Демек, радиожурналистикада дыбыстың алатын орны ерекше екендігін ескере отырып, оның табиғи сипатына көңіл бөлінеді. Айналаны қоршаған ортадағы құбылыстар, адамдардың сөздері, дауыстары, құстардың сайрағаны, музыка аспаптарының дыбысы, ағаштардың, жапырақтың сыбдыры, күннің күркіреуі, машинаның гүрілі, т.б. күнделікті кездесетін, адам өмірі үшін қажетті заттар дыбыс шығарады. Дыбыс – ауа тербелісі, толқын. Дыбыс естілгенде белгілі бір көзден шығып, белгілі бір межеге жетеді. Егер дыбыс репродуктордан шықса, оның шеңберін бойлай бекітілген жеңіл диск-мембрана тербеледі. Ал музыкалық аспаптарды қолданғанда, ондағы дыбыс көзі сол аспаптың ішегі, тербеліп тұрған ауа бағаны болып табылады. Адамның есту мүшесі мен дыбыс көзінің арасын ауа бөліп тұрады, яғни естілген дыбыс адамның есту мүшесіндегі жарғақ толқын арқылы тербеліске түседі де, ми қабаттарына дыбыстың берілгені жайлы сигнал түседі. «Дыбыс – кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс» [33], – деп көрсетіледі «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында. Адам өмірінде дыбыс толқындарының маңызы және оны зерттейтін ғылым ретінде акустиканың атқаратын рөлі өте зор. Дыбыстың барлық сипатын зерттеу әскери өндіріс саласында, халық шаруашылығын дамытуда, музыка аспаптарын жасауға, т.б. және хабар таратудың жетілген жүйесін дамытуға тиісті үлес қосады. Әсіресе электронды БАҚ-тың қоғамдағы рөлін арттыруда аса қажет. Өйткені дыбыстық әсерлерсіз радиохабарлардың жасалуы мүмкін емес. Дауысты құбылтып, түрлендіріп беру тәсілімен дыбыстық картиналар жасау арқылы электронды хабар берудің сипаты өзгеріске түседі. Ресми маңызды деген хабардың өзін бірқалыпты дыбыспен беру адамның логикалық ойлау жүйесін іске қосқанымен,

Скачать книгу