Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Телерадиожурналистика - Клара Қабылғазы страница 24
Халықаралық комитет радиотолқындарды бірнеше диапазонға бөліп, жіктеген. Алғашқы диапазон – 3 гц-тен 30 гц аралығы немесе толқынның ұзындығы 100 мыңнан 10 мың шақырымға жетеді. Шеткі төменгі жиілік немесе декаметрлік толқын деп аталады. Ол тек ғылыми зерттеулер мен астрономияда ғана қолданылады. Екінші диапазон – шамадан тыс төмен жиілік, 30 бен 300 гц аралығы. 10 мыңнан бір шақырымға жетеді. Мегометр деп аталынады. Онымен су астындағы қайықтармен морзе әліппесі арқылы байланыса алады. Үшінші диапазон – инфратөмен 300 гц-тен 3000 гц-ке дейін, яғни 1000 мен 100 шақырым аралығы. Төртінші диапазон – өте төменгі жиілік 3-тен 30 кгц-ті метрлік деп атайды. Бұл жиілікте жұмыс істеу үшін үлкен антенна, жоғары қуаттылық қажет және ауа райы бірқалыпты болу керек. Сонымен қатар толқындар ұзын, орта, қысқа толқынға бөлінеді. Ұзын толқында радионың бірінші арнасы бойынша берілетін хабарлар және жергілікті радиостанциялардың хабарлары таратылады. Орта толқындар «SOS» беруге, шұғыл шараларды хабарлауға қолданылады. Кейбір жиіліктерде түрлі жергілікті радиостанциялардың жұмыс істеуіне рұқсат етілген. Қысқа толқындар арқылы жер шарының кез келген нүктелерімен байланыс жасауға болады. Әуе кеңістігінде ұшақтарды ұшыру, қондыру сәттерінде де осы жиілік пайдаланылады. Соңғы диапазонға ультрақысқа толқындар кіреді. Бұған бүкіл радиотолқындар жатады. Қысқа толқындарда негізінен көп каналды байланыс орнатылып, телефон, радио, теледидар арқылы кең көлемде