Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов страница 17

Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов

Скачать книгу

уақыттың ішінде «Ортақ асыл мирас» атты кітабымды қазақ, түрік тілдерінде тамаша етіп шығарып үлгерді (Трабзон, 1994 ж.). Кетерімде Қаратеңіз университетінің атынан жазбаша түрде «Алғыс сөз» тапсырды.

      Трабзонда жүргенімде қарапайым халықпен мейлінше араласып, «Түрік ошағы» қоғамы ұйымдастырған жиналыстарда ортақ мұрамыз, көне жазба мәдениетіміз, қазақ халқының тілі мен әдебиеті туралы бірнеше ашық дәріс оқыдым, көптеген сұраққа жауап бердім. Ақкөңіл түрік жұртының, бауырлас халқының ыстық ықыласына риза болдым.

      Кейінгі жылдары ғылыми, достық байланысымыз нығая түсті. «Түрікше-қазақша фразеологиялық сөздікті» (Алматы, 1999, Ш. Құрманбаевамен бірге) және «Түрікше-қазақша кісі аттары сөздігін» (Алматы, 2001, З.К. Жанғабыловамен бірге) құрастырдым. Екі ел ғалымдары шығарған «Қазақша-түрікше сөздікке» (Түркістан, 2003) және «Түрікше-қазақша сөздікке» (Алматы, 2007) сарапшы болдым. Түркияда өткен конференцияларға қайтадан қатыса бердім, баяндама жасадым: Ргоtotürkçe yazi: düşune yazisindan alfabeye kadar «Алғашқы түркі жазуы: идеографиядан алфавитке дейін» (Измир, 2006) және Огһun anitlari üzerine yeni çeviri çalişmalari «Орхон ескерткіштеріне байланысты жаңа аударма талпыныстары» (Анкара, 2006).

Аманжолов С. Түркі филологиясының негіздері.– Алматы: Мектеп, 2012. – 30-35 б.

      КӨНЕ ТҮРКІ ЭТНОГЕНЕЗІ ПРОБЛЕМАСЫ

      Түркітану ғылымының аса маңызды да күрделі саласы көне түркі этногенезі мен алғашқы түркі тілінің дамуына келіп тірелетін проблемалары болып табылады. Бұл мәселені шешпейінше қазіргі түркі халықтарының ата-баба, үрім-бұтақ зәу-затының басынан кешкен өмір өткелдерін де, арғы тарихын да, көне түркі тілінің қалыптасып, дамуының жөн-жосығын да, сала-саламен тармақтана өрбуін де, өркені өсе келіп бүгінгі тілімізбен жалғасуын да, халықтардың бір тамырдан нәр алған тарихи-мәдени ортақтығын да, көне түркі этногенезін де, басқасын былай қойғанда, қазіргі түркітілдес халықтардың шығу тегін де дұрыс ашып көрсету, әрине, қиын.

      Аталмыш мәселе тарихшылар немесе тілшілердің, мәдениет пен тіл тарихын зерттеушілердің пешенесіне жазған еншісіндей ғана болып келсе, оның бүгінде аясы тар, шектеулі шеңбері құлаш жазғызбай, тығырыққа тықсырған үстірт ойлар мен «академиялық» схематизмге ұрындырып жүргені де жасыратын жай емес. Әр саладағы ғылымның дами келіп шоғырлана түйіскен бірлігі негізінде зерттелмейінше, айтарлықтай нәтижеге қол жетпейтіндігі де айқын.

      Алтай-Саян тау қойнауы және Ертістің жоғары сағасын көктей өтіп, Сарыарқа мен Жетісу өңіріне созыла жатқан кең аймақ көне түркі этногенезінің аялы алтын бесігі екендігіне ешбір күмән жоқ, оны дәлелдерлік бұлтартпас деректер де жеткілікті-ақ, тек көрер көз, ізгі жүрек болса игі.

      Бұл салада табысты еңбек етіп көзге түскен қазақстандық тарихшы ғалым Ю.А. Зуевтің көне түркі аңыз шежірелерін тілге тиек еткен диссертациясын («Древнетюркские генеалогические предания как источник по ранней истории тюрков», 1967) айрықша атау орынды. Ол бұрын қалам тартылмаған соны сүрлеуге із салып, көне қытай жылнамалары

Скачать книгу