Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі страница 17

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі

Скачать книгу

қасына Қаспақты ертіп алып Шоң жүріп кетті. Жолай Әлсенге соқты. Ол елеңдеп күтіп, дайын отыр екен. Үшеуі де салт атта еді. Шоң атының басын Қожамжар ауылына бұрғанда Әлсен:

      – Шоң Құлымбеттер ауылы алыс емес, күн әлі ерте, сонда барып қонайық, – деді.

      Әлсен Қожамжардың өзін де, оның өзімен жасты баласы Түсіпті де жақтырмайтын. Мына сөзді содан кейін айтып отыр еді. Шоң оны түсіне қалды, бірден ашығын айтқан:

      – Мен Түсіпті де би сайлағым келеді. Сондықтан да оны да ала кетпекпін.

      Мына сөзді естігенде:

      – Түсіп би болса, мен болмаймын, – деп, ат үстінде келе жатқан Әлсен бұлқан-талқан ашуланды.

      – Сені би бол деп ешкім зорлаған жоқ. Сенің би болуың әлі белгісіз. Ояз не дейді екен. Алдымен соны тыңдайық. Содан кейін ауыл билерінің алдынан өтесің. Саған әлі би ауылы алыста тұр. Есіңде болсын Әлсен, Түсіптің сенен көп артықшылығы бар.

      Әлсен мына сөзге тіптен шамданып:

      – Ол Жабағының менен не артықшылығы бар?

      – Біріншіден, ол елдің сөзіне қарап сөйлейді. Сөз тосады. Сен тәрізді өзім білемінмен көпірмеге кетпейді. Ондай көпірме мінез онда жоқ. Сонымен елге ұнап жүр.

      Шоңның мына сөзі жанына қатты тиіп тұрса да, Әлсен үндемеді. Егер Шоңды ашуландырып алсам, сайлатпай қояды деп қорыққан еді. Содан сөзді мойындағандай үнсіз келе жатты. Оның қатты ренжіп келе жатқанын Шоң сезіп, әлден уатқытта әдейі:

      – Тілен, сен неге үндемей қалдың?

      – Не айтамын, ана жаман Жабағыны менімен теңестіргелі отырсың…

      – Адам би болғанымен тенеспейді. Өзінің артықшылығын ісімен көрсетеді. Сен де соны жаса. Сонда сені ел бағалайды.

      Әлсен іштей женіліп қалғанын сезді де ләм деген жоқ, үндемей келе жатты. Бұлар келгенде дағдылы әдетімен Қожамжар есігінің алдына көлеңкеде отыр екен. Бұлар аттан түсіп келіп сәлем берді. Әуеліде «іргемізге әкеп орыстарды қоныстандырды» деп, Шоңға Қожамжар ренжіп жүрген анау кездері. Соңғы кезде ғана оның көніл-күйі жақсарған. Содан ба, сәлемдерін дұрыстап алды Қожамжар:

      – Өңкей мықтылар жиналып қалыпсыңдар ғой.

      – Ағасы неге олай дейсіз? – деді Әлсен. Мына сөзді кекетіп айтып отырғандай көрінген оған. Тура Әлсен ойының үстінен дәл түскендей етіп жауап берді:

      – Ешқандай артық сөз жоқ, осы өсіп келе жатқан Тоқа жастарының ішінде қазір сендерден мықтылары жоқ.

      Мына сөзді дуалы шалдың аузынан естіп Әлсен мен Каспақ бір жасап қалғандай болды. Әлсен жүзінде әлі де бір таңқалыс бар еді. Шал шын айтып отыр ма, әлде кекету ме – анғара алмай тұрған. Әкесі Шөміш мен Қожамжар бірімен бірі күндес адамдардай еді, содан біріне-бірі тиісіп отырмаса көңілдері көншімейтін. Сол екі шалдың арасындағы қылық балаларына да көшкендей еді. Әлсен реті келсін-келмесін Қожамжар баласына тиісіп-қағытып жүретін. Дегенмен Түсіп өзін салмақтырақ ұстап оның айтқан сөздеріне беріліп, дауға бара бермейтін. Жауапты ретімен беретін. Бірақ оған Әлсен тоқтай қоймайтын. Әлгінде Жабағылар

Скачать книгу